"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі - 21 564,51 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері[1] 21 309,33 млрд теңге болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 194,23 млрд теңге.
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 60,95 млрд теңге.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2024 жылғы 1 қарашада МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,96%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,10%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,46%, шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары – 2,52%, ҚРҰБ депозиттері - 1,87%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,80%, МҚҰ - 1,65%.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 60,33%, АҚШ долларымен – 39,66%, өзге валютада - зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 299,53 млрд теңге болды. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 70,69 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан – 286,65 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 734,41 млрд теңге. Басқа шығындар – 3,51 млрд теңге.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылдың басынан бері 1 қарашаға есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 2,39 трлн теңге болды. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2024 жылдың басынан бастап 01.11.2024ж. 12,67% көрсетті.