Зейнетақы жүйесі туралы сұхбаттар: «БЖЗҚ» АҚ халықпен қалай жұмыс істейді?

      БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы туралы сарапшылармен сұхбаттар топтамасы жалғасуда.

       БЖЗҚ қандай қызметтер көрсетеді? Олардың қаншасы сандық форматта қолжетімді? Қандай операцияларды тек БЖЗҚ бөлімшелерінде жүргізуге болады? Қор филиалдарына клиенттер көбіне қандай мәселемен жүгінеді? Келушілер үшін қандай жағдайлар жасалған? Қашықтықтан қалай кеңес алуға болады?

       Осы және өзге де өзекті сауалдарға БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Алматы қаласындағы филиалдың директоры Нұрлан Әмренов пен Қашықтықтан кеңес беру департаментінің директоры Сергей Гилев жауап береді.

       Сұхбатты мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=p5QAxcDfO60

       Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты да пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыз.

 

Дата публикации
09 декабря 2024