ЖЫМПИТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2024 жылғы 1 желтоқсан күні Жымпиты ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 3 желтоқсандағы №1.30/113 шешімімен Жымпиты ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Кайргалиев Мирам Нурмагамбетович, 1985 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған. Жымпиты ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.