Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

 

 

Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Қаулы

№1.30/89

23 қазан 2024 жыл

 

 

 

 

 

 

 

     Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы

Жымпиты ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармағына,                         113-1-бабының 1 тармағы 1) тармақшасына және 2 тармағына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жымпиты ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 1 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. Қоса беріліп отырған 2024 жылдың 1 желтоқсанына тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жымпиты ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Сырым ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы «Сырым елі» аудандық қоғамдық-саяси газетіне және Сырым ауданы әкімдігінің ресми сайтына жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Комиссия төрағасы                                       М.Хасанов

 

 Комиссия хатшысы                                      Г.Кадирова

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 октября 2024