Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы

Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармағына,                         113-1-бабының 1 тармағы 1) тармақшасына және 2 тармағына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 15 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. Қоса беріліп отырған 2024 жылдың 15 қыркүйекке тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Сырым ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы «Сырым елі» аудандық қоғамдық-саяси газетіне және Сырым ауданы әкімдігінің ресми сайтына жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Комиссия төрағасы                                       М.Хасанов

 

 

 

Дата публикации
07 августа 2024