Жымпиты ауылы,
2024 жылғы 24 сәуір
№1.30/27 шешім
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармағына, 113-1-бабының 1 тармағы 3) тармақшасына және 3 тармағына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 2 маусымға тағайындалсын.
- Қоса беріліп отырған 2024 жылдың 2 маусымға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Сырым ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім «Сырым елі» аудандық қоғамдық-саяси газетіне және Сырым ауданы әкімдігінің ресми сайтына жариялансын.
- Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Комиссия төрағасы М.Хасанов