Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Жетікөл сайлау округін құру туралы

 

Жымпиты ауылы,

2024 жылғы 24 сәуір

№1.30/26 шешім

 

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы

Жетікөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Жетікөл сайлау округін құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармағына және 21-бабының 4 тармағына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы            ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Жетікөл ауылдық округі аумағының шекарасында – Жетікөл сайлау округі құрылсын.
  2. Осы шешім «Сырым елі» аудандық қоғамдық-саяси газетіне және Сырым ауданы әкімдігінің ресми сайтына жариялансын.
  3. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Комиссия төрағасы                                        М.Хасанов

Дата публикации
24 апреля 2024