Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімінің
сайлау қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМА
2024 жылдың 7 сәуірінде Сырым ауданы Жетікөл сайлау округі бойынша Жетікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14- бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10- бабына сәйкес, Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 574 азамат енгізілді, оның – 291 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 20, «Барлығына қарсы» -98.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Исмагулов К.О -99 (34,0%)
Хайруллин Р.С.- 74 (25,4%)
Исмагулов Карасай Оракович 1964 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылы тұрғыны, өзін-өзі ұсынушы, Жетікөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы