Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат Асқаров Шынтас Асқарұлын тіркеуден бас тарту туралы

 

 

СЫРЫМ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Жымпиты ауылы                              №1.30/6               2024  жылғы 08 наурыз

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімі

лауазымына кандидат Асқаров Шынтас Асқарұлын

тіркеуден бас тарту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 11-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 7 наурыздағы №01/469 хатына және Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ағымдағы жылдың 08 наурыздағы №1.4/6  санды хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕДІ:

         1.Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының  Жетікөл ауылдық округі әкімі лауазымына кандидат Асқаров Шынтас Асқарұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі №71 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, аталған лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылсын.

2.Осы шешім аудан әкімдігінің интернет - ресурсында жариялансын.

3.Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Комиссия төрағасы                                  М.Хасанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 марта 2024