Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

Жымпиты ауылы,

2024 жылғы 28 ақпан,

№1.30/4

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1)-тармағына және 113-1-бабының 1, 3 тармақтарына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылдың 7 сәуіріне тағайындалсын.
  2. Қоса беріліп отырған 2024 жылдың 7 сәуіріне тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жетікөл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы шешімнің көшірмесі Сырым ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы шешім «Сырым елі» аудандық қоғамдық-саяси газетіне және Сырым ауданы әкімдігінің ресми сайтына жариялансын.
  6. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Сырым ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                                  М.Хасанов

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2024