«Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің 2023 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі туралы анықтама
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес «Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», «аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары К.Абсатыров, округ әкімі аппаратының бас мамандары М.Айнұр, А.Умирзакова.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – 2023 жылдың қорытындысы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобымен мекеме өзінің қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативтік құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.
Мемлекеттік органның ережесін қалыптастыру барысында аудан әкімі аппаратының қызметіне және оларға байланысты нормативтік құқықтық актілерге (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңы, 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы заңын, Еңбек Кодексі, Жер Кодексі, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңы, 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Заңы, 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» №183 қаулысы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №382 «Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» қаулысын, «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жоланымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық –талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 19 мамырдағы №70 бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидасы», Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік мекемелерде бухалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы №648 бұйрығымен және т.б. қолданыста бар құқықтық актілер) қатысты қызметіне талдау жасалынды.
Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі бойынша:
Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша:
Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген.
Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штаттық саны – 9. 2023 жылы округ әкімі орынбасары өз тілегімен босатылды. Сондай-ақ 3 техникалық қызметкер және 19 кіші қызметкер жұмыс жасайды.
Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған. Мемлекеттік қызметшілер жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны уақытылы тапсырған. Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік және нормалар анықталған жоқ.
Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратында мүдделер қақтығысы фактілері орын алған жоқ.
2023 жылдың сәуір-желтоқсан айлары бойынша қорытындысы бойынша 100 қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
- Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген - 48
- Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны:
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 20, оған
100 тұрғын тартылды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 1 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде кемшіліктер анықталған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізіліп, зерттеу кезінде теріс материалдар анықталған жоқ.
Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері Бас Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексеруден өткен, сотталғандар жоқ.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу мемлекеттік сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес ашық электрондық конкурспен, баға ұсынымдарының сұранысы және бір көзден сатып алу тәсілімен шартты тікелей жасасу жолымен жүзеге асырылды. Мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды адамдардың бірігуіне жол берілген жоқ.
2023 жылы сәуір-желтоқсан айларында Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратына 100 өтініш келіп түскен. Өтініштердің қарау мерзімі және тәртібі қатаң сақталып, қолданыстағы заңнама аясында толық, обьективті қаралды. Жымпиты ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыз-шағымдарына арналған жәшік қойылған.
Ғимараттың бірінші қабатында «Ақжайық - адалдық алаңы» жобасы аясында «Ашық әкімдік» және азаматтарды қабылдау бөлмесі жұмыс жасайды. Сонымен қатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, Сырым ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілдің азаматтарды қабылдау кестесі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің CALL-орталығының 1424 сенім телефоны жөніндегі жаднамалары орнатылған.
Сенім телефоны жұмыс жасайды, телефон нөмірлері 31218, 21121.
Жымпиты ауылдық әкімі аппаратында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кіріп-шығуы үшін пандус орнатылған. Ғимараттың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз қозғалуы үшін сары жолақты өтпе белгілермен қамтамасыз етілген.
2023 жылы Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратында 259 жеке құрам, 68 негізгі құрам өкімдері қабылданған. Жеке құрам өкімдері «Е-қызмет» ықпалдастыру ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Округ әкімімен 88 шешім, НҚА қабылданған жоқ.
Прокуратура органдары тарапынан Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратында қабылданған құқықтық актілерге ай сайын тексеріс жүргізілді.
Прокуратура органдарынан заң бұзушылықты жою жөнінде ұсыныс келіп түскен.
Округ әкімінің орынбасары К.Абсатыров
Бас маман М.Айнұр
Бас маман заңгері А.Умирзакова