ХАБАРЛАНДЫРУ
2023 жылдың 11 қыркүйек күні сағат 15:00 - де "Сырым ауданы әкімінің аппараты" ММ ғимаратында орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жерлері санатына ауыстыру бойынша қоғамдық тыңдау өтеді. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы, Жымпиты ауылында орналасқан жалпы көлемі 30,7 гектар жерді елді мекеннің жері санатына қосу мәселесі талқыланады.
Әсер ету аймағы: Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы.
Жоспарланған ісшаралардың бастамашысы: Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі ММ, байланыс телефоны – 871134 (31-3-43).
Әзірлеуші: Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі ММ. Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Жумагелдиев көшесі №19 ғимарат. БСН 101240020044. Орындаушы: Мамбеткулова Айгүл Жұбанқызы, 871134 (31-3-43), эл.пошта: sirim_stroi@mail.ru .
Жобалық құжаттама пакетімен Бірыңғай экологиялық порталында «Ecoportal.kz» және https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym?lang=kk танысуға болады.
Барлық ескертулер және немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталында қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.
Ұсынылған қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын жұмыстарға қатысты құжаттардың көшірмелерін sirim_stroi@mail.ru электрондық поштасы және 871134 (31-3-43) телефоны арқылы сұратуға болады.
Тіркеу және жеке куәлікті көрсету бойынша қоғамдық тыңдауларға дейін 15 минут бұрын жүргізіледі.