ХАТТАМА № 20
2023 жылдың 14 маусымында өткізілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы, өтініштерді (өтінімдерді) қарау және қорытындыларды дайындау үшін жер учаскелеріне құқықтар беру туралы жер комиссиясының шешімі
Конкурс өткізілетін орын: БҚО. Казталов ауданы, Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесі, №1
Қатысушы комиссия мүшелері:
Қатысқан: 16 адам
|
Гадилбек Алибекович Алибеков
|
Казталов ауданы әкімінің орынбасары, жер комиссиясының төрағасы. |
|
Әли Әділжанұлы Қадержанов
|
Казталов ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы, хатшы. |
|
Сагат Асылбекұлы Нурмухамбетов |
Казталов ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы.
|
|
Әсел Талғатқызы Тәжібаева |
Казталов ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас инспекторы-заңгері. |
|
Асфандияр Даниярович Амангельдиев |
Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.
|
|
Мерген Берикович Койшыбаев
|
«Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес акционерлік қоғамының БҚО бойынша филиалының Тіркеу және кадастр бойынша Казталов аудандық бөлімінің басшысы. |
|
Дархан Каримоллаұлы Даулетияров |
Казталов ауданының маслихат депутаты
|
|
Батырхан Кайырханович Байгунаков |
Қоғамдық кеңестің мүшесі
|
|
Жігер Темірбекұлы Жакиев
Марат Какимович Бисенгалиев |
Бірік ауылдық округінің әкімі, комиссия мүшесі.
Бірік ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшесі |
|
Асхат Талғатұлы Нұржанов
Тимур Тельманұлы Нығметов |
Қарасу ауылдық округінің әкімі комиссия мүшесі. Қарасу ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшесі. |
|
Бақытжан Сатқанұлы Есенғалиев
Арыстанбек Джумабаевич Қадыржанов
Ақжол Жасқайратұлы Қазиуллин Хамза Максутович Мырзагалиев |
Көктерек ауылдық округінің әкімі, комиссия мүшесі.
Көктерек ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшесі.
Талдықұдық ауылдық округінің әкімі, комиссия мүшесі. Талдықұдық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық мүшесі.
|
Жер комиссиясының отырысына қатыспағандар:
|
Самат Хамзаұлы Хасанов |
«Казталов» несие серіктестігінің мүшесі, «Ер Қожа» шаруа қожалығының жетекшісі |
|
Ержалғас Жанболатович Ишанов |
Казталов аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы. |
|
Сакен Салимжанович Ищанов |
«АМАNAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы
|
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін конкурстық өтінімдерді және конкурстық комиссия мүшелерінің қойылған балдық бағаларын қарау нәтижесінде комиссия келесідей шешім ҚАБЫЛДАДЫ:
№1 лот бойынша Бірік ауылдық округі, жалпы көлемі 434,0 га:
№2 лот бойынша Көктерек ауылдық округі, жалпы көлемі 280,0 га:
№3 лот бойынша Қарасу ауылдық округі, жалпы көлемі 450,0 га:
№4 лот бойынша Қарасу ауылдық округі, жалпы көлемі 450,0 га:
№5 лот бойынша Талдықұдық ауылдық округі, жалпы көлемі 500,0 га:
№6 лот бойынша Талдықұдық ауылдық округі, жалпы көлемі 500,0 га:
№6 лот бойынша өтінім түскен жоқ
№1-ші лот
Бірік ауылдық округі 434,0 га бойынша екі конкурстық өтінім түсті, өтінім берушілердің балдық бағалары тең түсуіне байланысты ашық дауыс беру арқылы Бекжанов Утепберген Ислямгалиевич - 7 дауыс, Кабиева Магзия Кайнушовна - 3 дауыс берілгендіктен №1-ші лот бойынша жеңімпаз Бекжанов Утепберген Ислямгалиевич деп танылсын.
№2-ші лот
Көктерек ауылдық округі 280,0 га бойынша конкурстық өтінімдерді қарау нәтижелері кезінде конкурсқа өтінім беруші Негметов Болатбек Канаткалиевичтің конкурсты ұйымдастыру мен өткізу ережесі бойынша бір гектарға салынатын инвестицияның болжамды көлемінің құны төмен болғандықтан (1 балл) ашық дауыс беруге жіберілмеді. Сол себепті №2-ші лот бойынша жеңімпаз Суншалиев Сагындык Кайдарович деп танылсын.
№3-ші лот
Қарасу ауылдық округі 450,0 га бойынша үш конкурстық өтінім түсті, өтінім берушілердің балдық бағалары тең түсуіне байланысты ашық дауыс беру арқылы Чекаев Кабдулла Сулейменович - 7 дауыс, Омаров Жумагелды Кыдырович - 3 дауыс, Чекаев Бахытжан Хайдарович - 0 берілгендіктен №3-ші лот бойынша жеңімпаз Чекаев Кабдулла Сулейменович деп танылсын.
№4-ші лот
Қарасу ауылдық округі 450,0 га бойынша үш конкурстық өтінім түсті, өтінім берушілердің балдық бағалары тең түсуіне байланысты ашық дауыс беру арқылы Омаров Жумагелды Кыдырович - 5 дауыс, Чекаев Кабдулла Сулейменович - 3 дауыс, Чекаев Бахытжан Хайдарович - 2 берілгендіктен №4-ші лот бойынша жеңімпаз Омаров Жумагелды Кыдырович деп танылсын.
№5-ші лот
Талдықұдық ауылдық округі 500,0 га бойынша конкурстық өтінімдерді қарау нәтижелері кезінде конкурсқа өтінім беруші Бақыткерейұлы Ерлан конкурсты ұйымдастыру мен өткізу ережесі бойынша бойынша бір гектарға салынатын инвестицияның болжамды көлемінің құны төмен болғандықтан (15 балл) ашық дауыс беруге жіберілмеді. Сол себепті №5-ші лот бойынша жеңімпаз Ихсатов Малик Муратович деп танылсын.
№6-ші лот Талдықұдық ауылдық округі 500,0 га
№6 лот бойынша өтінім түспеуіне байланысты, жер кодексінің 43-1 бабының 6 тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылған Талдықұдық ауылдық округі 500,0 га жер учаскесіне конкурс қайта өткізілсін.