Сырым ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстык-атқару Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Сырым ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Сырым ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Сырым ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Аудан әкімі Т.Турегалиев
Сырым ауданы әкімдігінің
2023 жылғы «__» ________
№ __ қаулысына 1 қосымша
Сырым ауданы бойынша 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
|
№ |
Ұйымның атауы |
Жұмыскерлердің тізімдік |
Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) |
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (бірлік) |
|
1 |
Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
173 |
3 |
1 |
|
2 |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Сырым аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
230 |
3 |
1 |
|
3 |
Батыс Қазақстан облысы «Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
25 |
3 |
1 |
|
4 |
Батыс Қазақстан облысы «Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің әкімі |
13 |
3 |
1 |
Сырым ауданы әкімдігінің
2023 жылғы «__» _________
№ __ қаулысына 2 қосымша
Сырым ауданы бойынша 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
|
№ |
Ұйымның атауы |
Жұмыскерлердің тізімдік |
Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) |
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (бірлік) |
|
1 |
Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
173 |
3 |
1 |
|
2 |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Сырым аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
230 |
3 |
1 |
|
3 |
Батыс Қазақстан облысы «Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі |
25 |
3 |
1 |
|
4 |
Батыс Қазақстан облысы «Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің әкімі |
13 |
3 |
1 |
Сырым ауданы әкімдігінің
2023 жылғы «__» _________
№__ қаулысына 3 қосымша
Сырым ауданы бойынша 2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
|
№ |
Ұйымның атауы |
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) |
Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) |
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (бірлік) |
|
1 |
«Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Жанша Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
118 |
3 |
1 |
|
2
|
«Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
136 |
3 |
1 |