Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша шығындар талдауы

АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша шығындар талдауы

112 – Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты

«Сырым ауданы мәслихат хатшысы» ММ 2020 жылға бекітілген бюджеті 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарлама бойынша 24602,0 мың теңге құрайды.

Сырым аудандық мәслихат аппаратының штаттық бірлік саны барлығы –10 бірлік.

Соның ішінде мәслихат хатшысы–1 бірлік

Әкімшілік мемлекеттік қызметкер–5 бірлік

Штаттан тыс қызметкерлердің саны–4 бірлік

Соның ішінде басшының хатшысы–1 бірлік

Көлік жүргізуші–1 бірлік

Статистик–1 бірлік

Мұрағатшы–0,5 бірлік

Еден шуушы–0,5 бірлік

Мәслихат хатшысының және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақыларына арналған шығыстары штаттық кестеге сәйкес 11127,0 мың теңге құрады. Өтемақыға арналған шығыстары 1855,0 мың теңге.

Әлеуметтік салық төлеуге арналған шығыстары 601,0 мың теңге құрады.Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдары барлығы 351,0 мың теңге. Мемлекеттік сақтандыру қорына міндетті аударымдары 223,0 мың теңге құрады. Көлік құралдарының иелерін азаматтық–құқықтық жауапкершілікке міндетті сақтандыру ға арналған жарналары 13,0 мың теңгені құрады.

Штаттан тыс қызметкерлердің еңбек ақылары барлығы 2955,0 мың теңге, жарналары –314,0 мың теңге құрайды. Штаттан тас қызметкерлердің ел ішіндегі іссапарға арналған шығындары (мәслихат хатшысымен облыс орталығына кездесулерге, семинарларға қатысуға, автокөлікті техникалық байқаудан өткізуге, қосалқы бөлшектерін ауыстыруға және де басқада шығындары) 478,0 мың теңге құрайды.

«Сырым аудандық мәслихат аппараты» ММ не норматив бойынша 1 бірлік автокөлік тиісті. Жанар–жағар май (бензин, сұйытылған газ, мотор майы) сатып алу үшін 406,0 теңге қаралды. ММ қажетіне жұмсалатын материалдарды ( кеңсе керек жарақтар, шаруашылық материалдар, көлік құралына қосалқы бөлшектер , т.б )сатып алу бойынша шығыстар 635,0 мың теңге құрады. Осы шығыстардың ішіне Сырым ауданы қоғамдық кенестің шығындары кіреді.

Коммуналдық қызметтеріне соның ішінде суға – 20,0 мың теңге, байланыс қызметіне (3 телефон нүктесі, қалааралық сөйлесулер, интернетке қол жеткізу) –648,0 мың теңге қаралды.

Өзге де қызметтер мен жұмыстарға («Заң» ДБ абоненттік қызметіне,ММ–нің интернет–ресурсына,мемлекеттік қызметкерлердің , 1С бағдарламасын жаңарту мен сүйемелдеу,мемлекеттік қызметкерлер мен депуттаттардың біліктілігін арттыруға, банк қызметі, полиграфиялық жұмыстарға және де т.б) 3810,0 мың теңге қарастырылды.

Мемлекеттік қызметкерлердің іссапарға арналған шығыстарына (облысқа жиналысқа, семинарларға, кездесулерге, Астана, Алматы қалаларына ) 1074,0 мың теңге қарастырылды.

Өзге де ағымдағы шығындарға (қоршаған ортаға эмиссия, техникалық байқаудан өту, бөтелкеленген су) 53,0 мың теңге қаралды. Материалдық емес активтерді (антивирус бағдарламасын ) сатып алуға 39,0 мың теңге қарастырылды.

Дата публикации
21 мая 2020