2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Сырым аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 23 қыркүйектегі №5 қаулысымен бекітілген

 

 

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

1.     Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды  ұсыну.

 

 

Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні – 2022 жылғы 23 қыркүйектебасталадыжәне 11 қазандажергілікті уақыт бойынша сағат он сегіздеаяқталады.

(55-б.,66-1б.)

 

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау.

 

 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейiн он  күннен кешіктірмей-2022 жылғы 2 қазаннан кешіктірмей.

(13-б. 4-т.)

 

         3. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің шекараларын,  учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау.

 

 

Аудан әкімі.

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейiн онбес күннен кешіктірмей –2022 жылғы 7 қазаннан кешіктірмей.

(17-б. 2-т., 23-б.5-т.)

 

         4. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастырып өткізу мәселелері бойынша жиналыстар ұйымдастырып өткізу.

 

 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

5 қазан 2022 жыл

 

 

5.  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.

 

 

 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін берілген сәттен бастап.                                                                                                                                                        

(14-б. 2-1) т.)

 

6. Қол қою парақтарын беру.

                           

 

Орталық сайлау комиссиясы.    

Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін бес күн мерзімнен кешіктірмей.

(56-б. 3-т.)

 

7. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын паспорт қызметінің қызметкерлерін қатыстыра отырып тексеру және Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін тиісті хаттаманы ресімдеу.

 

 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Уәкілетті мемлекеттік органдар.

Қол қою парақтары тапсырылған күннен бастап он күн мерзімнің ішінде.

(56-б. 7-т.)

 

 

8. Сайлау комиссияларының, учаскелердің сайлауға дайындығын тексеріп қадағалау мақсатында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерінің округтерге, елді-мекендерге шығуы.

 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Қыркүйек-қараша 2022 жыл.

 

9. Аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріңің оқытуын ұйымдастыру.

 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

2022 жылдың 3-20 қазан аралығында

 

 

10. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға эфирден және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді хабарлауы және жариялауы әрі оларды Орталық сайлау комиссиясына беруі.   

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдары.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталғанға дейінгі бес күннен кешіктірмей – 2022 жылғы 16 қазаннан кешіктірмей.

                                               (28-б. 3-т.)

 

11. Сайлау науқанын ұдайы ақпараттандыруын қамтамасыз ету. БАҚ өкілдерімен кездесулер мен брифингтерді өткізуді ұйымдастыру

 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

                       Сайлау комиссиялары

                        Қыркүйек-қараша 2022 жыл

 

12. Сырым ауданы бойынша сайлау учаскелеріне Кунтізбелер  және адамдар көп шұғырланғын жерлерде билбордтарды дайындап орнатуға

 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

                        Сайлау комиссиялары

2022 жылдың 10 қазанына дейін

 

 

13.  Барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру.

 

 

Жергілікті атқарушы органдар және Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалған сәттен бастап  2022 жылғы 21 қазанға дейін.

(28-б. 6-т.)

 

         14. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

 

 

Тіркеу мерзімі аяқталған кезден 2022 жылғы 21 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша  нөл сағатта аяқталады (2022 жылғы 19 қарашада сағат нөлде аяқталады).

(27-б. 2-т., 66-1-б.)

 

         15. Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерінің кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру.

 

 

Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау алдындағы үгітке дайындық барысында және сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(28-б. 4-т.)

 

16. Әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылар тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссиясына ұсыну.

 

Аудан әкімі.

                      Дауыс беретін күнге жиырма күн қалғанда – 2022 жылғы

30 қазанда

(24-б., 5-т.)

 

17.   Сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда – 2022 жылғы 4 қарашадан кешіктірмей.

(26-б. 1-т.)

          18. Сайлаушылар тізімімен тұрғындарды таныстыру жұмыстарын ұйымдастыру. Әрбір сайлаушыға сайлауға шақыру қағазын дайындап жеткізу.

 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Учаскелік сайлау комиссиялары

2022 жылдың 10 қарашасына дейін

 

 

 19. Телекоммуникация қызметін, сайлау учаскелерін сервистик қамтамасыз етуін қоса алғанда, қосу шарттарын түзу.

 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Учаскелік сайлау комиссиялары

2022 жылдың 18 қазанына дейін

 

20. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастау мен аяқтаудың өзге уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу.

 

 

 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

            (38-б. 1-т.)

21. Дауыс беру уақыты мен орны туралы сайлаушыларды хабардар ету.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру өткізілетін  күнге дейін он күннен

кешіктірмей –2022 жылғы 9 қарашадан кешіктірмей.

                       (38-б. 2-т.)

 

22. Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қамтамасыз ету мақсатында шаралар ұйымдастыру. Сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне жағдай жасау.

 

Әкімдер, әлеуметтік қамтамасыз ету органдары,

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

қыркүйек-қараша 2022 жыл

 

23. Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

 

 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлауға дейінгі үш күннен ерте емес және кемінде бір күн бұрын–2022 жылғы 17 қарашадан ерте емес және 19 қарашадан кешіктірмей.

                                                                        (37-б. 3-т.)

 

24.  Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттаманы жасау.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын.

                                                                             (40-б. 1-т.)

 

            25.   Дауыс беруді өткізу.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау күні, 2022 жылғы 20 қарашада, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00 сағатқа дейін.

                                                                  (38-б.1-т.)

          26.  Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы жасау.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

2022 жылғы 20 қарашада, егер дауыс беру уақыты өзгермесе,  жергілікті уақыт бойынша жиырма сағатта басталады және дауыстарды санау басталғаннан кейін он екі сағаттан асырмай жүргізіледі.

 (43-б.)

 

27. Хаттаманың көшірмесін жалпы жұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайындағы арнайы белгіленген орынға ілу.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін –дереу.

.                                                                                (43-б. 8-т.)

 

28. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына тапсыру.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

         29. Аудандық, қалалық, сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды облыстық аумақтық  сайлау комиссиясына тапсыруы.

 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.

(62-б.1-т.)

 

 

30.  Қазақстан Республикасының арнаулы байланысына сайлау құжаттарын талаптарға сәйкес рәсімдеп жеткізу.

 

Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

2022 жылдың 21 қарашасы сағат 9.00 ден кешіктірмей

 

       

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
26 сентября 2022