Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданының Алғабас
ауылдық округі әкімінің сайлауын
2022 жылғы 11 қыркүйекке тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2 – 3- тармақтарына сәйкес Сырым аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Алғабас ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 11 қыркүйекке тағайындалсын.
- 2022 жылғы 11 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Алғабас ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешім аудандық «Сырым елі» қоғамдық – саяси
газетінде және сайтта жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ж.Батырниязов