Талдау анықтамасы, сондай-ақ Сырым ауданының 2022 жылғы І тоқсандағы мемлекеттік қызмет көрсету есебі.

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2022 жылдың І-тоқсанына арналған талдамалық анықтама

 

  1. Жалпы ақпарат

2022 жылдың 1-ші тоқсанында 1031қызмет көрсетілді.

Соның ішінде,

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 0
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 173
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны - 0

-    көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0

-    Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген - 207

 

Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны:

  • egov.kz портал арқылы - 122
  • elicense.kz порталы - 63
  • Ақпараттық жүйелер арқылы(Е-собес, Рынок труда, Социальная помощь, ИС Загс) - 466

 

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны – 0.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 3, оған
67 тұрғын тартылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 2 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесі: кемшіліктер анықталған жоқ.

Ауданның фейсбук әлеуметтік желісіне элоктронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қалау алуға болатыны туралы бейне роликтер орнатылды. Аудан әкімдігіне тиесілі 4 мекемені Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Н.Ильясов келіп жоспарға сәйкес 2 ішкі бақылау шарасына қатысып, аудан әкімідігінің кіші мәжіліс залында тексеріс қорытындысы бойынша дөнгелек үстел ұйымдастырылды.

Сонымен қоса 28 ақпан күні аудан әкімдігіне тиесілі мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсететін жауапты бас мамандары (28 қызметкер) облыс орталығынан мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы келіп көшпелі семинар өткізді.

Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні қоғамдық кеңес мүшелерімен аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының ғимаратында офлайн қосғамдық қабылдау жүргізілді. 

 

  1. Проблемалық мәселелер

 

Дата публикации
07 апреля 2022