«Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер
 
  1. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ереже.
  3. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090900, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Алаш Орда көшесі, № 23 д.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.


  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері


  1. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
1) Сырым ауданының жергілікті атқарушы органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету;

2) ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
  1. Міндеттері:
«Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі  міндеті ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
  1. Функциялары:
1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн  заңнамаға сәйкес және осы саладағы және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;

2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;

4) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерін әзірлеу;

5) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;

6) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;

7) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен  механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;

8) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен  механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;

9) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен  механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады;

10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен  механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беруді жүргізеді;

11) заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

            12) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) есептілік ұсыну;

13) аудан аумағында кәсіпкерлік кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және оларды iске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

14) кәсіпкерлік кешен субъектiлерiн осы саладағы мемлекеттiк, салалық, өңiрлiк бағдарламаларға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру;

15) кәсіпкерлік кешен субъектiлерiне мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк саясатының негiзгi бағыттары мен тетiктерiн түсiндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;

16) ауылдық аумақтарды дамытудың және осы саладағы бағдарламаларды iске асырудың мониторингiн жүргiзу;

 17) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;

 18) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;

 19) өңiрлерде мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етедi және ол үшiн жауапты болады;

20) шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың өңiрлiк бағдарламаларының жобаларын әзiрлейді;

21) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;

22) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

23) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;

24) жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз етедi;

25) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

26) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

27) орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер Кодексіне сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелерін алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат беру;

28) Ішкі сауда заңының 3 тарауының 20 тармақшасына сәйкес, ішкі сауда субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін сақтауына мемлекеттік бақылау жүргізу;

29) Кәсіпкерлік кодексінің 90-бабына сәйкес өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
  1. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;

2) заңнамаларда белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болуға;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес мекемелермен және ұйымдармен «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;

7) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының, Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар алуға;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады;

9) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыруға уәкілетті


  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
 
  1. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауап береді;

2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін анықтайды;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) заңнамаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандыру бойынша шараларды алады, өз құзіретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;

5) бұйрықтарға қол қояды;

6) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

7) мемлекеттік функцияларды атқарумен байланысты емес, үшінші жақтарға қатысты мемлекеттік мекеме атынан шешім қабылдауға сенімхат береді;

8) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;

9) мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкімет қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің, әкім орынбасарларының тапсырмаларының, өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған облыстық және аудандық мәслихат актілерінің жедел және нақты орындалуы үшін дербес жауапты болады;

10) өзіне жүктелген міндеттердің орындалмағаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады;

11) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  1. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
 
  1. Мемлекеттік органның мүлкі
 
  1. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  1. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 
  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
 
  1. «Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
15 апреля 2022