«Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі-бөлім) атқарушы өкіметті құрылымдағы басқару және бақылау міндетін орындау жөніндегі өкілденген Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы болып табылады.
  2. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, Казақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің актілерін, облыс және аудан әкімдерінің шешімдер мен өкімдеріне сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс: 090900, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі №11.
  9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы – «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

         «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және атқарушы органы болып Сырым аудандық әкімияты болып табылады. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. 11. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаржы есебінен жүзеге асырылады.
  2. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субектілерімен «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында  шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

         Егер «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметінің нысанасы мен мақсаттары міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13.«Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынандай қызметтерді жүзеге асырады:

1)   мемлекеттік  әлеуметтік  саясат,халықты   жұмыспен   қамту   заңының,   зейнетақы реформасының негізгі  бағыттарын жүзеге асыру және олардың орындалуын методикалық үйлестіруін қамтамасыз ету;       

2) халықтың табысы мен өмір сүру деңгейін көтеру, кедейшілік пен жұмыссыздықтың деңгейін  төмендету шараларын жүзеге асыру;

3) еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік стратегиясын жүзсгс асыру;

4) жергілікті еңбек рыногының жагдайын талдау және болжау, еңбек ресурстарының балансын  жасау, осы арқылы ағымдағы және алдағы жылдарға арнап жұмыспен қамту бағдарламасын  жасау, оның орындалуын қамтамасыз ету;

5) жұмысқа орналасуы қиын болып жүрген жұмыстан босатылган адамдарды, жалгызбасты және көп балалы аналарды, мүгедектермен халықтың жұмыссыз жүрген баска топтарын даярлау, қайта даярлау және білімін жетілдіру, кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыру ;

6) өз құзіреті шегінде халықты жұмыссыз жүрген топтарына жәрдемақы және материалдық көмекпен қамтамасыз ету;

7) азаматтардың өз бетінше жұмыспен айналысуына көмек көрсету ;

8)  жұмыссыздар  ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;

9) тұрғындардың арнаулы әлеуметтік қорғау , отбасы, ана мен баланы, мүгедектермен олардың отбасы мүшелерін сондай-ақ әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұрғындардың басқа да топтарын қолдау жөніндегі шараларды іске асыру;

10) әлеуметтік еңбек саласында болып жатырған істердің жағдай туралы қорытынды құжаттар әзірлеу және жағдайларды болжау , процестерді талдау, әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, аудан әкімі аппаратына мәлімет беру;

11) әлеуметтттік әріптестік жүйесін реттеу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу және іске асыру, еңбек жанжалдарын шешуге қатысу;

12) бөлімде жұмыссыз ретінде тіркелуге өтініш берген азаматтарды қабылдау, тіркеу және есепке алу, анықтама беру;

13) жұмыссыздарды өз келісімімен ақылы қоғамдық  жұмыстарға жіберу;

14) еңбек рыногы жөнінде аудандық мәліметтер базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныстар мен ұсыныстарды болжау және талдау ,еңбек рыногының жағдайы туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасына, жергілікті атқарушы органға халыққа хабарлау;

15) жұмыс орнын ашу мәселесін қоса отырып, халықты жұмыспен қамту бағдарламасын әзірлеу, жұмыссыздардың кәсіби даярлау және қайта даярлау, жұмыссыздарды еңбекке орналастыруға көмектесу, жұмыспен қамту мәселесі бойынша ақысыз тегін кемек керсету;

16) еңбек рыногының қажетіне және нарыктық қатынастар жағдайына сәйкес кадрлар даярлаудың мемлекеттік тапсырысын қалыптастыруга қатысу

17) еңбекті қорғау мәселесі бойынша ұйымдармен өзара әріптестік және үйлестіру;

18) еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау ;

19) әлеуметтік еңбек мәселелері, соның ішінде жұмыспен қамту, еңбекті қорғау мүгедектер туралы заңдарға сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар, жәрдемақылар бер бөлігі жөнінде аудандық бағдарламалар әзірлеуге қатысу;

20) еңбек және еңбекті қорғау туралы заңдардың сақталу мәселелері бойынша меншікті нысанына қарамастан ұйымдармен үйлесімді іс-әрекет жасау, өндірістік объектілерді салу және қайта құру үшін алдын-ала сақтық бақылау жүргізу, өндірісте зақымға ұшырағандарға және олардың отбасының мүшелеріне келген зиянының орнын толтыру;

21) әртүрлі санаттағы және топтағы тұрғындардың , мемлекеттік ұйымдардың әлеуметтік демографиялык қажетін ескеріп, халықты әлеуметтік қамсыздандыру шараларын дамытуға қатысу;

22) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар мен кіші  бағдарламалардың әкімші қызметін орындау;

23) азаматтардың арыз шағымдарын, ұсыныстарын қарау, ол бойынша қажетті шаралар алу азаматтарды қабылдау және оларға бөлімнің құзырына қатысты мәселелер бойынша кеңес беру;

24) облыстың және басқа да өкімет органдарымен, кәсіпорындармен, қоғамдық ұйымдарымен мәселелерді бірлесіп шешу үшін өзара әрекет  жасау;

  1. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары:

1) жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама органдары мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тиісті дәрежеде хат алмасу;

2) кәсіпорындармен ұйымдардан заңдарда белгіленген тәртіпте құжаттар, қорытындылар, анықтамалар және бөлімге жүктелген функцияларды іске асыруға қажетті басқа да материалды сұрату және алу;

3) белгіленген тәртіпте барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындармен ұйымдардьң жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау туралы Заңдарды, Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасы Президенті мен ҚР Үкіметінің актілерін, басқада нормативтік құжаттарды орындауларын бақылау, бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша комиссияның жұмысына қатысу;

4) аудандық деңгейде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жағдайларына қаржы несие, инвестициялық, салық, әлеуметтік саясат шаралары туралы шешімдер әзірлеуге қатысу;

5) белгіленген тәртіпте аудандық бөлім кұзырына кіретін мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер өткізу;

6) бюллетендер, плакаттар, буклеттер, әдістемелік материалдар шығару, жарнамалық-стенділік мүлік ұстау;

         7) заңда қаралған басқа да өкілеттерді іске асыру;

 

  1. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі: 

         1) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, аудандық бөлімге жүктелген міндеттерді орындалуы және оның өз функцияларын іске асыру үшін жауап береді.

  2) аудандық бөлімнің бөлімшелері мен ведомствоға қарасты ұйымдар басшыларының міндеттерімен өкілеттері шеңберін айқындайды, ведомстоваға қарасты ұйымдар туралы жарғы бекітеді;

  3) заңда белгіленген тәртіпте аудандық бөлім қызметкерлері қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

  4) бұйрықтар шығарады, қолданылудағы заңдарға сәйкес мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста аудандық бөлімшенің мүддесін көздейді;

  5) белгіленген еңбек ақы қоры және қызметкерлер саны шегінде аудандық бөлім аппаратының шығындар сметасының және штаттық кестесін бекітеді;

  6) онда белгіленген тәртіпте ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

  7) Қазақстан Республикасы Заңдарында көзделген басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.

  8)  бөлім меңгерушісі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың әрбір фактісі бойынша, бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады.

 9) «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

 

  1. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларды жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

         «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1.   «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік  коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

           

  1. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

 

  1. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

 

 

  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасның заңнамасына сәйкес жүзеге асырылды.

 

Дата публикации
25 марта 2022