және жою жөніндегі аудандық
комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Сырым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған төмендегілер бекітілсін:
1) Комиссия туралы ереже (2-қосымша);
2) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия төрағасының, төраға орынбасарларының, мүшелерінің функционалдық міндеттері (3-қосымша).
3. Сырым ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі №114 «Аумақтық деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысының күші жойылсын.
4. Комиссияның жұмыс органы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі (келісім бойынша) болып табылады.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметовке жүктелсін.
Аудан әкімі Т.Турегалиев