Мемлекеттік қызмет-мерейлі міндет

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз - көрсетілген қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын,бостандықтары мен заңдң мүдделерін іске асыруға,оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

«Қазақстан 2050» стратегиясында «Мемлекеттік қызмет көрсету-бұл еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші»-деп атап өткен. Шынында да мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы-мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады.Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы,соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.Осының негізінде азаматтар мемлекеттің қызметіне толықтай тауелді,яғни мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау.Жалпы округ әкімі аппараттымен мемлекеттік қызметтің 18 түрін көрсету бекітілген болса , 2021 жылы «Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» ММ-мен Сауда-саттық /конкурстарды,аукциондарды/ өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» жөнінде 3 мемлекеттік қызметтер көрсетілді,сонымен қатар 2021 жылы сәуір айында әкім аппараты ғимаратында өзін-өзі қамту бұрышы қойылып ,тиісті комьпютерлік жабдықтармен жабдықталып тиісінше тұрғындар өздеріне қажетті анықтамалар мен мәліметтер алуда.2021 жылы осындай 483 өзін өзі қамту бұрышы арқылы қызмет көрсетілді. Оның ішінде ЭЦҚ алу,жұмыссыздар есебіне тіркелу,түрлі мекемелерден анықтамалар алу тағы басқа қызметтер алды.Әкім аппаратымен алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету, әкімшілік кедергілерді азайту, тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамалардың сақталуын қатаң ұстанатын боламыз.

Ақпарат үшін «Батыс Қазақстан облысы,Сырым ауданы Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты» ММ , Алғабас ауылы, С.Датұлы көшесі 1, байланыс тел.87113451334

Алғабас ауылдық округі әкімі

Ө.Аменов

Дата публикации
24 марта 2022