Социально-экономическое развитие района

Сырым ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуының

негізгі көрсеткіштері

 

Аудан әкімі – Турегалиев Тулеген Сериккалиевич, 2017 жылдың шілде айынан бастап жұмыс істейді.

Аудан 1890 жылы құрылған, аумағы-11,9 мың ш.км.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 18,4 мың адамды құрайды.

Ауданда 12 ауылдық округ, 38 ауылдық елді мекен бар.

 

Сырым ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2019 ж.

2020 ж.

2021 ж.

2021 ж. 

2020 жылға %

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге

714,3

625,9

694,6

96,7

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

11077,9

12795,4

15658,3

107,6

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, млн. теңге

4235,5

8174,7

4498,7

55,0

Орташа айлық жалақы, теңге

105418

126948

151169

119,1

 

 

 

 

Сырым ауданы бойынша 2021 жылдың қаңтар- желтоқсан айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы

 

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 694,6 млн.теңгені құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен нақты көлем индексі (НКИ) бойынша 3,3% - ға төмен.

 

 

 

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 15658,3 млн.теңгені құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 7,6 % артық.

Ет өндірісі 6713,9 тонна немесе 2020 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 100,8%, сүт – 14784,9 тонна (100,4%), жұмыртқа – 1902,8 мың дана (100,3%) құрады.

         2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ірі қара мал басының саны 51,3 мың басты немесе 2021 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 107,8% құрады, оның ішінде сиыр – 25,2 мың бас (108,8%), қой – 72,4 мың бас (107%), ешкі – 13,6 мың бас (94,5%), жылқы – 26,1 мың бас (120,2%), шошқа – 0 бас (0%), түйе – 97 бас (100%), құс – 18,0 мың бас (100,3%).

 

Инвестициялық қызмет

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 4498,7 млн.теңге болды, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 55,0% (8174,7 млн.т.).

 

Құрылыс жұмыстары

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1326,2 млн.теңгені құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 23,3% құрады.

Тұрғын үй үшін 5497 шаршы метр пайдалануға берілді, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 103,4% - ға жоғары.

 

Қаржы

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 7999,0 млн.теңге жиналды, оның ішінде жергілікті бюджетке – 712,9 млн.теңге, 2021 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 122,7% (580,9 млн.т.).

 

Кәсіпкерлік

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 1314 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, оның ішінде 1175 субъектілер жұмыс істейді немесе тіркелгендер санының 89,4%.

 

Еңбек нарығы

Жыл басынан экономиканың барлық салаларында 655 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі 8,8%-ды құрайды, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа төмен (2021 жылы – 10,8%). 2022 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар саны 1003 адамды құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (1445 адам) 30,6%-ға кем.

1010 адам жұмысқа орналастырылды, 2020 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 4,6% кем.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына кедейлік шегінен төмен тұратындар отбасы саны 390 (1826 адам), 2020 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 11% төмен.

Барлық қаржыландыру көздерінен 177,4 млн.теңге әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек – 125,4 млн.теңге.

Орташа айлық жалақы 2022 жылғы 1 қаңтарға 151169 теңгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезеңі деңгейінің 19,1% - ға артық.

 

 

Денсаулық сақтау.

         Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі 1 аудандық ауруханадан тұрады, оның құрамына заңды емес тұлғалар кіреді - 6 дәрігерлік амбулатория, 5 ФАП, 17 медициналық пункт.

         2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық (490 адам) 42,4%-ға көбейгені байқалады,  туберкулез (7 адам) 175%.

 

Білім

Білім беру желісін 22 жалпы білім беретін мектеп құрайды (2975 оқушы), оның ішінде 12 орта, 5 негізгі, 4 бастауыш және 1 мектеп-лицей. Барлық мектепте мемлекеттік тілде оқытады. Мектептер компьютермен қамтылған, интернетке қосылған. 85 оқушыға арналған 3 мектеп жанындағы интернат бар.

         Ауданда колледж (123 оқушы), 2 балабақша (194 бала), 9 мектеп балабақшасы (205 бала), 21 шағын орталық (322 оқушы) және 3 қосымша білім беру мекемесі (1292 бала), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті (29 бала) жұмыс атқарады.

 

Мәдениет

Мәдениет бөлімі бойынша 23 кітапхана, 14 клубтық мекеме, 3 саябақ, 1 мұражай жұмыс жасайды.

 

Қылмыс

2022 жылдың 1 қаңтарына 84 қылмыс тіркелді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,6% - ға кем.

 

 

Дата публикации
16 марта 2022