Поздравление акима на 8 марта

Аудан әкімі Т.Төреғалиевтың

8 Наурыз халықаралық әйелдер

күнімен байланысты

құттықтауы.

Құрметті аналар, әйелдер қауымы, шараға қатысушы арулар!

Сіздерді жайдарлы көктемнің арайлы мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымызда «Барлық жақсылық – күннің нұрынан, жылылық – ару жандылардың аялы алақанынан таралған» деген сөз бар. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел – тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын қоғам мүшесі ғана емес, ол мемлекет ісіне және саяси мәселелерге белсене араласатын тұлға.

Қоғамдық сана «әйел – кәсіпкер», «әйел – саясаткер», «әйел – қоғам қайраткері» деген сияқты жаңа мәртебемен, бай мазмұнмен толығып отыр. Әйелдер қауымы барлық салада да, баршамызға үлгі болып келеді. Кейінгі толқын да осынау игі дәстүрді лайықты жалғастыруда.

Олар бүгінгі күні ауыл, аудан, облыс, республика деңгейіндегі басшылық қызметтерде, Парламентте, жеке кәсіпкерлік саласында өздерін білікті маман ретінде дәлелдеуде.

 

Бүгінгі таңда , 20 әйел азаматшалар аудандағы әртүрлі салада басшылық қызметте еңбек етуде. Аудандық мәслихат депутаттары , мемлекеттік қызметте, аудан бойынша қоғамдық бірлестіктер төрайымдары болып , сонымен қатар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, кітапхана жүйесі және спорт саласында, пошта, байланыс, электр торабы, коммуналдық шаруашылық саласында, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларында әйел азаматшалар еңбек етуде. Яғни, мемлекетіміз әйелдерге қоғамның әр саласында өз қабілеттерін жан – жақты ашуға толық мүмкіндік беріп отыр.

Көктемнің бүгінгі тамаша мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгілік белгісі сияқты. Бар әлемнің тірегі, көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер.

Әйел-ана, қыз-келіншектердің қазіргі кезде ел экономикасының өрлеп, әлеуметтік жағдайының жақсаруына қосып жүрген үлестері өлшеусіз. Әр отбасының ұйытқысы болып, ұрпақ тәрбиелеуде де еңбектері зор.

 

 

 

 

Құрметті аналар, арулар!

 

Сіздерге бүгінгі мереке күні барша ер азаматтар атынан дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, өмірлеріңіздегі  қуаныштарыңыз ортаймасын деген шынайы тілегімді білдіремін.  Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Дата публикации
16 марта 2022