2021 жылдың І тоқсаны бойынша
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығысәйкес Сырым ауданының (12) ауылдық округ әкімі аппараттары және (7) дербес бөлім, ведомствалық бағынысты (2) мекеме мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Аудан әкімдігінің 2020 жылдың 18 желтоқсандағы № 61 бұйрығымен бектілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес 2021 жылға 8 мекемеде ішкі бақылау шараларын жүргізу тиіспіз. 8 мекеменің жоспарға сәйкес 1 мекемеде ішкі бақылау шаралары жүргізілді.
Қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге жыл ішінде келіп түскен шағымдар жоқ.
2021 жылдың І тоқсаны бойынша жалпы- 1209 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0;
- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 8;
- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны -575;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны –308;
- «Е-лицензия – немесе электронды үкімет порталы» арқлылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны- 318 (еговпен-290, (елицензия-28)
І тоқсан бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, дөңгелек үстелдер түрінде жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде, Сонымен қоса елімізде жаияланған карантинге байланысты зум ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге еніп жатырған өзгерістер туралы бейнеконференция оздырылып, білім беру ұйымдарының көрсетілетін қызметке жауапты мамандарымен ватсап желісі арқылы группа ашылып күнделікті проблемалық мәселелер талқылануда.
Сырым ауданының ресми сайтына және ауданның facebook-ғы әлеуметтік желісіне электронды үкімет порталын кеңінен насихаттауға байланысты, көрсетіліп жатырған мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау мақсатындағы бейне роликтер орнатылды.
Төтенше жағдай кезінде ХҚКО өз жұмыстарын тоқтатуына байланысты шалғай ауылдағы тұрғындарға талшықты оптикалық байланыс желісіне қосылған елді мекендерде өз өзіне қызмет көрсету бұрыштары іркіліксіз жұмыс жасап халыққа қызмет көрсетуде. Осыған дейін баламалы түрде қағаз тасымалдағышта көрсетілген мемлекеттік қызметтер түгелдей e.gov.kz электронды үкімет порталы арқылы көрсетілуде.