2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы
мәслихат депутаттарының кезектен тыс
сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі
негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 және №60/99 қаулыларына, Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №1.4/45 хаттамасына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары (бұдан әрі – Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Сырым ауданының әкіміне жолдансын.
- Күнтізбелік жоспар сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін ауданның округтік және учаскелік сайлау комиссияларына жолдансын.
- Осы қаулы Сырым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау төраға орынбасары К.Ишангалиевке жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Комиссия төрағасы М.Хасанов
Комиссия хатшысы Г.Кадирова