«Сырым ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

«Сырым ауданы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесінің қызметінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу туралы

 

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заның және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қантардағы №21 бұйрығымен  (Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда тіркелген №31713) бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жаңа үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі және дербес бөлімдері мен ауылдық округ әкімдіктері (Тоғанас, Бұлан, Қоныр, Қосарал) және оларға қатысты коммуналдық мемлекеттік мекемелерде сонымен қатар, квазимемлекетік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытта жүргізілсін.
  3. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу уақыты 01.09.2026 ж. – 30.09.2026 жылдары аралығы, талдау жүргізу кезені: 01.09.2025 – 01.09.2026 жж. болып белгіленсін.
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Аппарат басшысы                                                         М.Тлегенов

Дата публикации
25 августа 2026