ЕЛТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА 

ЕЛТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА 

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2026 жылғы 05 шілдесі күні Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 07 шілдедегі №1.30/83 шешімімен Елтай ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Елтай ауылдық округінің әкімі болып Құлтемір Райымбек Қайырбекұлы тіркелді, 1996 жылы туған, Сырым ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.

Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы.

 

Дата публикации
07 июля 2026