Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Алғабас ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша  сайлау округін құру туралы

СЫРЫМ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

2026 ЖЫЛҒЫ 27 МАМЫРДАҒЫ №1.30/45 ҚАУЛЫСЫ

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы

Алғабас ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша 

сайлау округін құру туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармағына және 21-бабының 4 тармағына және 22-бабына сәйкес Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Алғабас ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Алғабас ауылдық округі аумағының шекарасында – Алғабас сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы «Сырым елі» аудандық қоғамдық-саяси газетіне және Сырым ауданы әкімдігінің ресми сайтына жариялансын.
  3. Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

Комиссия төрағасы                                        М.Хасанов

Комиссия хатшысы                                       Г.Кадирова

Дата публикации
27 мая 2026