
1983 жылы 18 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
Білімі жоғары. 2004-2007 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінде «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша білім алған.
2002-2009 жылдары әр түрлі қызметтерде еңбек еткен.
2010 жылы Аралтөбе ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман-мал дәрігері, Сырым аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық инспекторы қызметтерін атқарған;
2012-2018 жылдары Сырым аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Сырым аудандық ветеринарлық станциясы директорының міндетін атқарып келді.
Сырым ауданы әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы №5 өкімімен Сырым ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына арнайы тексерістің нәтижелерін алғанға дейін уақытша қабылданды.
Отбасылы, 2 ұл, 1 қызы бар.