Меню

Страницы

Статья

интернет мошенничество

Қазіргі уақытта "What's App" мессенджеріне заңсыз қол жеткізу фактілері жиілеп кетті, зардап шеккендердің атынан барлық контактілерге ақша қаражатын қарызға беру туралы өтініш тарату жүзеге асырылып, бұл ретте белгісіз тұлғалардың банктік шоттарының деректемелері көрсетіледі. Зиянкестер зиянды сілтемені пайдаланып, көрсетілген сілтеме арқылы өткеннен кейін олардың "What's App" жеке жазбасына қол жеткізетіні анықталды.Осыған байланысты, біз азаматтарды, мысалға, жүлделер ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама және т.б. түрінде таратылатын күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондайақ ешбір жағдайда өздерінің жеке деректерін енгізбеуге ескертеміз". Егер сіз күдікті сілтеме арқылы кездейсоқ өтіп кетсеңіз, "What' s App" жазбаңызға кіріп "Баптаулар" қолданбасына өтіп, "Құрылғы байланыстыру" батырмасына өту арқылы тексере аласыз. Егер осы қойындыда белгісіз құрылғы көрсетілсе, дереу осы сессиядан шығыңыз. Ең дұрысы, есептік жазбаңызды қорғауды күшейту үшін екі сатылы растау батырмасын қосыңыз. Сондай-ақ, егер сіз осындай түрдегі таныстарыңыздан ақша қаражатын қарызға алуды сұрайтын хабарлама алсаңыз, оны жібермес бұрын досыңызға қоңырау шалып, ақшаның қажеттілігіне көз жеткізуіңіз керек. Сіздің қауіпсіздігіңіз тек сізге байланысты екенін есте ұстаған жөн!

 

Дата публикации
14 февраля 2024
Дата обновления
14 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
11 февраля 2025
Мал ұрлығын болдырмау
Ақпарат
26 июля 2024
Жер теліміне кезек
Ақпарат
04 мая 2024
Сенбілік

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы