GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 сентября 2026
БҚО садақшылары ел чемпионатында топ жарды

Атырау қаласындағы дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Елдің үздік мергендері бас қосқан бәсекеде Батыс Қазақстан облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді.

Жарыс барысында батысқазақстандық мергендер жоғары шеберлік танытып, жүлделі орындардан көрінді.

Атап айтқанда, Мұрат Лұқпанов пута нысанасының 70 метр қашықтығында III орын иеленді.

Ал Рустам Аманғалиев пута нысанасының 70 метр және қалқан нысанасының 50 метр қашықтығында қарсыластарынан озып, қос алтын медальға қол жеткізді.

Әйелдер арасында Әсемгүл Ғалымжанова сәтті өнер көрсетті. Ол Орта Азия нысанасының 40 метр және жамбы нысанасының 30 метр қашықтығында I орын иеленді. Сондай-ақ қалқан нысанасының 50 метр қашықтығында III орынға тұрақтады.

Осылайша, Батыс Қазақстан облысының мергендері ел чемпионатында шеберліктерін дәлелдеп, жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың бапкерлерін құттықтаймыз!

21 сентября 2026
🏆 Шорт-тректен ел чемпионаты: БҚО спортшылары жүлдеге ие болды

Астана қаласында шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Кезекті жарыс күнінде Батыс Қазақстан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

1000 метр қашықтықтағы жарыста БҚО намысын қорғаған Алина Ажғалиева алтын медаль иеленсе, Гүлдана Жалмұқан қола жүлдеге қол жеткізді.

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

#bqo_sport

21 сентября 2026
БҚО ӘКІМІ ӨҢІР СПОРТШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған өңір спортшылары мен бапкерлерін, сондай-ақ муайтайдан әлем чемпионы Ерлан Шаймардановты қабылдады.

Аймақ басшысы спортшыларды жеңістерімен құттықтап, ел намысын абыроймен қорғаған жерлестеріміздің жетістігі өңір спорты үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.

🇰🇿 Көшпенділер ойындарына 113 мемлекеттен 3 мыңға жуық өкіл қатысып, Қазақстан құрамасы 74 медальмен жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.

БҚО-дан 7 спортшы қатысып, 4 медаль еншіледі:

🥇 Санжар Өмекей — құнан бәйге
🥇 Әсемгүл Ғалымжанова — дәстүрлі садақ ату
🥈 Аружан Ықсан — жамбы ату, мажар стилі
🥉 Еркебұлан Нығмет — самбо

Сонымен қатар муайтайдан U24 әлем чемпионатында Ерлан Шаймарданов 45 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. 🌍🏆

Бұған дейін Әсемгүл Ғалымжанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Санжар Өмекей Президенттің Алғыс хатымен марапатталған болатын.

Кездесу соңында облыс әкімі спортшылар мен бапкерлерге алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыстады.

Жеңістеріңіз жалғаса берсін! 👏
—————
#bqo_sport

 

21 сентября 2026
СҮЙІНШІ! 🏹 ӘСЕМГҮЛ ҒАЛЫМЖАНОВА – ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ЧЕМПИОНЫ! 🥇

11–15 қыркүйек күндері Атырау қаласында дәстүрлі садақ атудан «Алтын Орда» әлем кубогі өтіп жатыр.

Байрақты бәсекеде Батыс Қазақстан облысының мергені Әсемгүл Ғалымжанова 30 метр қашықтықтағы «Жамбы» нысанасы бойынша бақ сынап, барлық қарсыласынан басым түсті.

🥇 Әсемгүл Ғалымжанова – әлем кубогінің чемпионы атанды!

Жерлесімізді жарқын жеңісімен құттықтаймыз! 👏🇰🇿
Жеңісті жолыңыз жалғаса берсін!

#bqo_sport

 

21 сентября 2026
🥉 Жағажай самбодан Әлем чемпионатында – қола жүлде!

11–13 қыркүйек аралығында Бразилияның Карагуататуба қаласында жағажай самбодан Әлем чемпионаты өтті.

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының намысын қорғаған Габбасов Нұрымжан жүлделі III орынға ие болып, Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

🇰🇿 Жерлесімізді жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!

#bqo_sport

21 сентября 2026
«Достық–Дружба» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Орал қаласының күніне орай ұйымдастырылған волейболдан дәстүрлі «Достық–Дружба» XVIII қалааралық турнирі мәресіне жетті.

Бірнеше күнге созылған тартысты бәсекеде еліміздің және көршілес елдің үздік командалары алаңға шығып, шеберліктерін ортаға салды. Жарыстың жабылу салтанатына Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев, Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов, БҚО волейбол федерациясының атқарушы директоры Азамат Нұрмұханбетов, спорт ардагерлері қатысты.

Жарыс қорытындысында:

1-орын – Орал қаласы
2-орын – Петропавл қаласы
3-орын – Уфа қаласы (Башқұртстан РФ)

Жекелей номинациялар бойынша:

1-орынның үздік ойыншысы – Данил Сухарев, Орал қаласы

2-орынның үздік ойыншысы – Мирас Жұмағұл, Петропавл қаласы

3-орынның үздік ойыншысы – Савелий Борисов, Уфа қаласы (Башқұртстан РФ)

Ал атағы ерекше шеберлігімен көзге түскен – Мансур Ізбасаров, (Орал қаласы) турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Жарыс барысында тәжірибелі ойыншылардың шеберлігі мен жас спортшылардың жігері тоғысып, көрерменге тартысты ойындар мен әдемі волейбол сыйлады.

«Достық–Дружба» атауының өзі айтып тұрғандай, бұл турнир жеңіс пен жүлдеден бөлек, спортшылар арасындағы достықты нығайтып, өңірлер мен қалалар арасындағы байланысты бекемдейтін дәстүрлі додаға айналып келеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз.

#bqo_sport

21 сентября 2026
⚜️«Жайық жүйрігі» – жетінші рет дүбірлетті

Жайықтың жағасын дүбірге бөлейтін ұлттық ат спортының айтулы додасы – «Жайық жүйрігі» бәйгесі биыл жетінші рет ұйымдастырылды. Өңір халқы асыға күтетін дәстүрлі жарыс жыл өткен сайын ауқымын кеңейтіп, көпшіліктің сүйікті спорттық шараларының біріне айналды.

Дүбірлі доданың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Орал қаласының әкімі Мұрат Бәйменов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, БҚО бәйге федерациясының президенті, Құрылтай депутаты Мұратбек Мұхамедиев қатысты.

-Жайық жүйрігі-2026» ұлттық бәйге түрлерінен Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионатына қош келдіңіздер!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Ұлттық спорт түрлерін дамыту – ұлттық рухты көтеру мен жас ұрпақтың бойына отансүйгіштікті дарытудың басты кепілі». Әсіресе бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау – еліміздің болашағы үшін маңызды қадам екені айтылды. Осы орайда, дәстүрлі «Жайық жүйрігі-2026» бәйгесі – Жолдауда көтерілген міндеттердің нақты көрінісі. Шабандощдарға сәттілік, баба мен бағы қатар шапқан шын мықты жеңіске жетсін,-деді Орал қаласының әкімі Мұрат Бәйменов.
Одан соң БҚО бәйге федерациясының президенті, Құрылтай депутаты Мұратбек Мұхамедиев сөз алып, Ұлттық спорттың мерейін өсіретін, тұлпар тұяғының дүбірімен ел рухын көтеретін бұл үлкен дода екенін атап өтті.
Аш облыс әкімі VI дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпазы Санжар Өмекейді марапаттады.

Ұлы аламан, топ, құнан бәйге түрлерінен тұратын Батыс Қазақстан облысы дәстүрлі ашық чемпионатының жалпы жүлде қоры 50 миллион теңге.
Додаға БҚО, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Жетісу, Алматы, Павлодар облыстарының жүйріктері қатысуда.

#bqo_sport

17 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу
марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен
қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін
дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін
қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж
оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу
қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан
тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс
тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары,
әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде
жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген
шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының
лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де
ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы
наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке
кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір
айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай
сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге;
3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен
марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы
Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың
өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына
тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі
адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол
ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап
оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне

айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді
әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар
тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға
жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан
Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және
«Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға,
заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара
байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
қолдауымен жүзеге асырылуда.

 
 
30 августа 2026
ОРАЛДА ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ФАТИМА СҰПЫҒАЛИЕВАҒА ПӘТЕР БЕРІЛДІ!

Батыс Қазақстан облысының атын әлемдік аренада асқақтатқан жас чемпион Фатима Сұпығалиеваға жаңа пәтердің кілті табысталды.

Жаңа баспананың кілтін Оралда өтіп жатқан дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев табыстады.

16 жастағы Фатима биыл Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 52 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихында қыздар арасында дзюдодан тұңғыш әлем чемпионы атанды. 🥇🌍

«Фатиманың жеңісі – Батыс Қазақстан ғана емес, бүкіл Қазақстан спорты үшін үлкен жетістік. Жас спортшыларымыздың халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғауы – біз үшін зор мақтаныш», – деді облыс әкімі.

📌Сонымен қатар өңір дзюдосының дамуына үлес қосып жүрген БҚО дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхиев Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Спорт саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

👏 Фатима, тарихи жеңісің құтты болсын! Жаңа баспанаң берекелі болсын! Алда бұдан да биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! 🇰🇿🥋

————

#bqo_sport

15 августа 2026
Оралда Спорт күні дүркіреп тойланды! 🏆

Оралда Спорт күніне орай «Спорт – рух, бірлік, жеңіс» атты ауқымды мерекелік шара өтті.

Мерекелік кеште спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар, спортшылар мен сала қызметкерлері ұлықталып, еңбегі еленген үздіктерге марапаттар табысталды. 🥇

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында спорттың 121 түрі дамып, мыңдаған тұрғын дене шынықтырумен тұрақты айналысады. Ал спортшыларымыз республикалық және халықаралық жарыстарда өңір намысын абыроймен қорғап келеді. 💪

Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Кеш барысында спорт саласына еселі еңбек сіңірген мамандар марапатталып, олардың жеңіске қосқан үлесі ерекше аталды. 🏅

🔹Мерекелік бағдарлама биылғы Жасанды интеллект жылымен үндесіп, спорт пен заманауи технологияның үйлесімін көрсетті. Жаңа технологиялар мен заманауи визуалды шешімдер кештің мазмұнын аша түсті.

🔹Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – голографиялық-лазерлік шоу болды. Жарық пен цифрлық эффектілер көрерменге ерекше әсер сыйлап, спорттың қуаты мен жеңіс рухын заманауи форматта жеткізді.

🔹Сонымен қатар мерекелік кешке республикалық деңгейдегі танымал әншілер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Ән мен әсем әуенге толы концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Барша спорт саласының мамандарын Спорт күнімен құттықтаймыз! 🇰🇿

Жайық өңірінің спорттық даңқы асқақтап, чемпиондар қатары көбейе берсін! 🏆🔥

#bqo_sport

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы