КУБАДАН КЕЛГЕН ҚҰНДЫ КЕҢЕС

КУБАДАН КЕЛГЕН ҚҰНДЫ КЕҢЕС

Батыс Қазақстан облысы бокс федерациясының арнайы шақыртуымен келген Куба мемлекеттік университетінің жаттықтырушысы Карлос Иван Фуентес Вийянуева облысымыздың жас боксшыларымен әрі жаттықтырушылармен кездесті.

Соңғы жылдары Өзбекстанның бокс саласына елеулі үлесін қосқан кубалық бапкер жиын барысында көптеген маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, облысымыздағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, талантты жас боксшыларды іріктеу және оларды облыс құрама командасына қосу сөз болды.

Кубалық маманның құнды кеңесі мен тәжірибесі облысымыздың бокс саласына серпіліс болмақ.

Айта кетейік, Карлос Иван Фуентес Вийянуева әлемнің бірнеше елінде қызмет еткен, аналитика саласындағы тәжірибелі маман әрі Куба мемлекеттік университетінің жаттықтырушысы.