ПАРИЖ-2024 ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ЕЛДОС СМЕТОВ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

ПАРИЖ-2024 ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ЕЛДОС СМЕТОВ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

2024 жылдың 29 желтоқсан күні барша қазақстандықтардың мақтанышы, дзюдодан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Елдос Сметов өңірімізге ат басын тіреді.
Париж Олимпиадасында қазақ дзюдосының тарихында болмаған алтын жүлдені еншілеп, тарихи жеңіске қол жеткізген Елдос Бақтыбайұлы қазақ спорты тарихына өз есімін алтын әріптермен жазған болатын.
Өңірімізге келген мейманды облыс әкімі Нариман Төреғалиев зор құрметпен қарсы алып, қабылдау өткізді. Қабылдау барысында аймақ басшысы спортшының жетістіктерін жоғары бағалап, еліміздің намысын абыроймен қорғап, мерейін тасытып жүргенін айрықша атап өтті.
Сенің жетістігің, спорттағы табыстарың – бүгінгі жас буынға үлгі-өнеге, - деді Нариман Төреғалиев.
Сондай-ақ, облыс әкімі Елдос Сметовке естелік сый тарту етіп, алдағы уақытта да ел спортын дамыту жолындағы елеулі еңбегіне сәттілік тіледі.
Өз кезегінде дзюдошы да құрмет білдірген облыс басшылығына алғысын жеткізді.