
Конкурстық комиссияның шешіміне және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің келісіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Есендияров Қаймен Есенаманұлы тағайындалды.
Есендияров Қаймен Есенаманұлы – 1967 жылы туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
- Батыс Қазақстан облысы спорткомитетінің нұсқаушысы;
- Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің (ОРМБЖМ) қазақ күресінен бапкер-оқытушы (Орал қ.);
- «Қайрат» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры (Орал қ.);
- Батыс Қазақстан облысы туризм және спорт басқармасы басшысының орынбасары;
- Батыс Қазақстан облысының ұлттық күрес және самбо федерациясының төрағасы;
- Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы, тәртәптік комитетінің төрағасы, БҚО қазақ күресі федерациясының президенті;
2018 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде самбодан мемлекеттік жаттықтырушы қызметін атқарды.