Меню

Страницы

Статья

Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы МЖС жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Орал қаласында Мұз сарайын салу және пайдалану» мемлекеттік-жеке серіктестігі жобасы бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы жеке серіктесті анықтау бойынша конкурс өткізуге дайындық басталғаны туралы хабарлайды.

Жобаның атауы: «Орал қаласында Мұз сарайын салу және пайдалану»

Жобаны жүзеге асыру саласы: спорттық қызмет және ойын-сауық пен демалысты ұйымдастыру бойынша өзге де қызмет

МЖС мақсаты:

- Орал қаласында дене шынықтыру мен спортты тұрақты дамыту;

- Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының басым көпшілігін тартумен қысқы спорт түрлерінің кеңге таралуын қамтамасыз ететін қысқы спорт түрлерін дамыту проблемаларын кешенді шешу;

- 2025 жылы дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтардың қамтылуын 50 %-ға дейін жеткізу;

- жыл бойы қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін жағдай жасау; 

- бұқаралық дене шынықтыру мен спорттың даму процесіне тиісті жағдай жасау;  

- спорт резервін және жоғары жетістік спортын дайындау;

- оқу-жаттығу сабақтарын және жарыстарды өткізу;

- спортты дамыту үшін заманауи спорт инфрақұрылымын беру;

- саланың кадрлық әлеуетін даярлау жүйесін жетілдіру. 

МЖС объектісінің жобалық қуаты: 

№

Атауы

Жобалық қуаты, 1 жылда көрсетілген қызмет саны

1

Секциялық сабақтар үшін мұзды пайдалану сағаттарының саны (БЖСМ)

960

2

Көпшілік сырғанау үшін мұзды пайдалану сағаттарының саны

960

3

Кәсіби командалар (хоккей) үшін мұзды пайдалану сағаттарының саны

960

 

Жобаның бағдарлық құны: 7 261 500 мың теңге, инвестициялық бөлігі 4 500 000 мың теңге.

Жүзеге асырылатын жері: Батыс Қазақстан облысы, Орал қ/сы, Жеңіс ы/а, 26Б құрылыс.

Жүзеге асыру ұзақтығы: 258 ай.

Құрылыс кезеңі: 18 ай.

МИЖ (қызмет) қолдану кезеңі: 240 ай.

Жобаны салу мен жүзеге асырудың аталған мерзімдері бағдарлық және болжамды болып табылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеке серіктестер 2022 жылдың 26 ақпан күні сағат 16.00-ге дейін «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ техникалық тапсырмаға сәйкес дайындаған техникалық ұсынысын, сондай-ақ, ҚР «Мемлекеттік-жеке серіктестік туралы» Заңының 32 бабына сәйкес біліктілік іріктеу өткізілетін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды тапсырулары қажет.

Конкурс ұйымдастырушысының атауы: «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ.

Байланыс:Нигметуллин Женис Махамбетович, Бисекенова Айгуль Муратовна

Тел.:8 7112 514027, 512617

Құжаттар көшірмелерінің пакетін сағ. 09.00-ден сағ.13.00-ге дейін және сағ.14.30-дан сағ.18.30-ға дейін (жергілікті уақыт) келесі мекенжайдан алуға болады: ҚР, БҚО, Орал қ/сы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 3- қабат, № 313 кабинет.

Құжаттар көшірмелерінің пакеті конкурсты өткізу туралы осы хабарландырудың жарияланған сәтінен бастап сұрау бойынша беріледі.

Дата публикации
22 декабря 2021
Дата обновления
22 декабря 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
05 августа 2023
Хабарлама
Хабарлама
22 декабря 2021
Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы МЖС жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы