Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша БҚО-да дене шынықтыру және спортты дамыту туралы ақпарат

Облыста бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2020 жылы 66542 адамның қатысуымен 1536 іс-шара өтсе, оның ішінде ауылдық жерлерде 32 676 адамның қатысуымен 1 154 іс-шара өтті.

2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында 47 646 адамның қатысуымен 1052 іс-шара өтті. Оның ішінде, ауылдық жерлерде 18 502 адамның қатысуымен 815 іс-шара өтті.

2020 жылы облыста волейбол, допты хоккей, шаңғымен спорттық бағдарлау, президенттік көпсайыс сынды спорт түрлерінен 7 Қазақстан Республикасының чемпионаты, шорт-тректен Қазақстан Республикасының Кубогы, таэквондо ИТФ және құсбегіліктен республикалық турнирлер оздырылды.

2020 жылы төтенше жағдайда және карантиндік режим кезінде облыс бойынша 9329 адамның қатысуымен 400 онлайн және қашықтық спорттық іс-шара өтті. Қашықтық жарыстар тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, бесасық, каратэ, жалпы дене дайындығы жаттығулары сынды спорт түрлерінен өтті.

2021 жылдың басынан допты хоккей, волейбол, бокс, бадминтон, қазақ күресі, ММА аралас жекпе-жек спорт түрлерінен 13 Қазақстан Республикасының чемпионаты, байдарка және каное есуден 1 Қазақстан Республикасының федерация кубогы, волейболдан және дзюдодан Қазақстан Республикасының 5-ші жастар спорттық ойындары оздырылды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылданушылардың жалпы саны 209 858 адамды немесе облыс халқының 31,8 % құрады.

2019 жылмен салыстырғанда, спортпен тұрақты шұғылданушылар саны 0,6%-ға өсіп отыр (2019 жылы – 204 968 адам немесе облыс тұрғындарының 31,2%).

2020 жылы облыста қысқы спорт түрлерінен Президенттік тестілерді тапсыруға 49 626 адам қамтылды.

2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында облыста қысқы және жазғы спорт түрлерінен Президенттік тестілерді тапсыруға 24 456 адам қамтылды.

2020 жылы жергілікті бюджет және демеушілер есебінен 36 спорттық алаң салынды (Ақжайық-3, Бәйтерек-1, Жәнібек-2, Казталов-5, Қаратөбе-5, Сырым-2, Теректі-9, Шыңғырлау-1, Орал қ.-8). Сонымен қатар Орал қаласында 10 спорттық алаң күрделі жөндеуден өтті.

2020 жылдың мамыр айында КПО б.в. компаниясының есебінен Жаңақала ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДШСК) пайдалануға берілді.

2021 жылдың 4 қаңтар күні Бөкей ордасы ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

А.ж. 3 шілде күні Казталов ауданында (Жалпақтал ауылы) және 5 шілде күні Теректі ауданында (Подстепное ауылы) 160 орынды дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда облыста КПО б.в. компаниясының есебінен 5 ауданда 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің (Ақжайық ауданы Чапаев ауылы, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылы, Казталов ауданы Казталов ауылы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы және Тасқала ауданы, Тасқала ауылы) құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Осы жылдың 6 айында Орал қаласында 3 спорттық алаңы, Ақжайық ауданында 2 спорттық алаңы және Сырым ауданында 2 спорттық алаңдары пайдалануға берілді. Теректі ауданында 3 спорттық алаңдарының жұмысы жүріп жатыр.

Сонымен қоса, Орал қаласында жеке кәсіпкерлердің қолдауымен көптеген спорттық нысандар салынып жатыр. Соның ішінде: 2020 жылдың қыркүйек айында кәсіпкер Қамалов Алпамыс Зашаған кентіндегі «Құс фабрикасы» ауданында жаңа спорт залын ашты. Кәсіпкер Досболатов Төлеген 10 ықшам ауданында грек-рим күресінен ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Мұрат Жұмашевтың есімі берілген спорт клубын ашып, жаңа спорт ғимараты – ангарлық типтегі спорт залын іске қосты. «БҚО үстел теннисі федерациясы» ҚБ президенті Истаев Рафхат Әжігерейұлы "Омега" ықшам ауданында спорт залын салды. Оған қоса, кәсіпкер Габдуллин Данияр «Омега» ықшам ауданында көлемі 3 000 шаршы метр құрайтын «Omega Sports» атты заманауи спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын аяқтады.

Сонымен қоса, 10 ықшам ауданында жеке кәсіпкер, БҚО дзюдо федерациясының вице-президенті Ғайса Жұмалиев жас дзюдошыларға заманауи талаптарға сай «Kodokan Spirit» спорт залын өз қаражаты есебінен салды.

2020 жылы жеке кәсіпкер «Рахметова Қ.Ж.» Атоян стадионы жанынан екі қабатты спорттық нысанның құрылысын аяқтады. Қазір осы спорттық объектіде «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» МКҚК-нің әкімшілік-басқару қызметі орналасып, мүмкіндігі шектеулі адамдар жаттығып жүр. Спорттық ғимаратта жеңіл атлетика, қол күресі, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, пауэрлифтинг, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі сынды спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік жасалған.

Күні бүгінге Батыс Қазақстан облысында 84 спорт түрі дамытылып келеді, соның ішінде 31 олимпиадалық, 35 олимпиадалық емес, 10 ұлттық, 7 техникалық және мүгедектер спорт түрлері.

Бүгінгі таңда облысымызда 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар, мұнда 13 384 жасөспірім 54 спорт түрімен шұғылданады.

2019 жылы Жапония еліндегі Номи қаласында өткен спорттық жүрістен Азия чемпионатында облыс спортшысы Шейко Георгий күміс жүлдені иеленіп, қазақстандық спортшылардың ішінен 2021 жылы Жапония елінің астанасы - Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына ең бірінші болып жолдама ұтып алды. Сонымен қоса, облысымыздың спортшысы су добынан Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының қақпашысы Липилин Павелде және қорғаушы Артюх Данил жолдама иегерлері.

2020 жылы әлем елдерінде болып жатырған COVID-19 пандемиясына байланысты спорт шараларын өткізуге тиым салынды, алайда ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаттары көрерменсіз, барлық карантиндік шараларды сақтай отырып өткізуге рұқсат берілген болатын. Әйелдер күресінен ел чемпионатында Екатерина Ларионова күміс жүлде иеленсе, Анастасия Панасович қола жүлдегер атанды. Бокстан 18 жасар жас спортшымыз Даниял Сәбит барлық қарсыластарын, шаң қаптырып чемпион атанды. Бұл чемпиондық атақты ағайынды Елеусіновтердің жеңісті жолын облысымызда тек осы Даниял ғана қайталай алды.

2020 жылы облыс спортшылары спорт түрлері бойынша ресми республикалық және халықаралық жарыстарда (Әлем, Азия, Қазақстан Республикасының чемпионаттары) 229 медаль (55 алтын, 65 күміс, 109 қола) ұтып алды.

2021 жылдың 6 айында облыс спортшылары спорт түрлері бойынша ресми республикалық және халықаралық жарыстарда (Әлем, Азия, Қазақстан Республикасының чемпионаттары) 690 медаль (230 алтын, 195 күміс, 265 қола) ұтып алды.

Спортшыларды әлеуметтік қолдауға келетін болсақ, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде спортшыларды жоғары спорттық жетістіктерге ынталандыру мақсатында облысымыз бойынша 239 спортшы ресми спорттық жарыстарда көрсеткен нәтижелеріне сай ай сайын ақшалай жабдықталым төлемдерін алып келеді. Соның ішінде, 65 жасөспірім, 44 жастар және 130 ересек спортшылар. Осы мақсатқа жыл басынан бері 226,1 млн. теңге қаражат бөлінді.

Біздің аймақта 5 кәсіби клуб жұмыс істеп келеді. 2021 жылы «Ақжайық» футбол клубына – 946,8 млн.тг., волейбол клубына – 84,0 млн.тг., «Ақжайық» допты хоккей клубына – 109,2 млн.тг., «Бәйтерек» футзал клубына – 225,4 млн.тг., шайбалы хоккейден командасына 219,7 млн.тг. бөлінді.

2021 жылдың 1 маусымнан бастап Орал қаласы бойынша спорт секцияларын жан басына қаржыландыру механизмі жүзеге асырылып жатыр. 2040 баланы спортқа тарту жоспарлануда. Осы мақсатта 194 209,0 мың теңге бөлінді.

Дата публикации
02 августа 2021
Дата обновления
02 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
05 августа 2023
Хабарлама
Хабарлама
22 декабря 2021
Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы МЖС жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы