«Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 45 «Ойын спорты түрлері бойынша жабық зал салу және пайдалану» мемлекеттік-жеке серіктестігі (одан әрі – МЖС) жобасының дайындалуы туралы жариялайды және жобаны талқылау мен оны жүзеге асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсынуға әлеуетті серіктестерді тарту үшін мүдделікті білдіру сауалын салу туралы хабарлайды.
МЖС объектісі: Ойын спорты түрлері бойынша жабық зал салу және пайдалану.
Мекенжайы: Орал қаласы (жер телімдері: Некрасов шағын бағы – телімнің ауданы 0,02 га; М.Мөңкеұлы шағын бағы - телімнің ауданы 0,08 га, 0,13 га, 0,30 га; М.Мөңкеұлы, 108/1 үйінің ауласы - телімнің ауданы 0,05 га, «Северо-Восток» ПДП - телімнің ауданы 0,20 га).
Жобаның шарттары: қажетті құрылыс-жинақтау және іске қосу жұмыстарын жүзеге асыру, ойын спорты түрлері бойынша жабық залдың жұмысы үшін қажетті жиһазбен және жабдықтармен жарақтандыру.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 1 жылдан кем емес құрылыс кезеңін қоса, 5 жылдан кем емес.
Жобаны әлеуетті жеке инвестордың қаражаты, соның ішінде қарыз құралдарын тарту есебінен Орал қаласында жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Шығындарды өтеудің мүмкін көздері: жалгерлік төлемақы, «Мемлекеттік-жеке серіктестік туралы» заңнамаға сәйкес операциялық шығындардың өтемақысы (шығындарды өтеу көздері келіссөз барысында белгіленеді).
МЖС жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:
Жобада қарастырылуы тиіс жағдайлар:
- ойын спорты түрлері үшін (футбол, баскетбол, волейбол, қол добы) көлемі 22м*42м жаттығу залын, тренажер залын, спортшылардың киім шешетін бөлмелерін, душ кабиналарын, жаттықтырушылар бөлмесін, буфетті және басқа да қосалқы жайларды қоса, оқу-жаттығу аймағы;
- әкімшілік аймағы;
- жалпы пайдалану аймағы. Оқу-жаттығу аймағы еденінің жабыны - паркет.
Келесі жабдықтармен жарақтандырылуы:
киім шешетін бөлмелер үшін жабдықтар;
душ кабиналары үшін жабдықтар;
жаттықтырушылар бөлмесі үшін жиһаз және жабдықтар;
буфет үшін жиһаз және жабдықтар;
әкімшілік аймағы үшін жиһаз және жабдықтар;
жалпы пайдалану аймағы үшін жиһаз және жабдықтар.
Анықтамалық ақпаратты «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің 8 (7112) 514027, 512617 телефондары арқылы білуге болады. Электрондық мекенжайы: turizm-sport09@mail.ru, nigmetullin@mail.ru
Жауапты тұлғалар: Бисекенова Айгүл Мұратқызы, Нығметуллин Жеңіс Махамбетұлы.
«Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің 8 (7112) 506002 телефоны бойынша, мемлекекттік-жеке серіктестігін дамыту бөлімі, электрондық мекенжайы 506002@bk.ru, Картбаев Ермек Кылышбекович.
Жоба бойынша ұсыныстар 2020 жылдың «8» желтоқсан күні сағ. 11:00-ге дейін қабылданады.