Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың ІІІ тоқсанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің есебі

Басқарманың «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық немесе қағаз түрінде. Бүгінгі күнге дейін Басқармаға электрондық түрде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш түспеді. 2020 жылда 3 тоқсанда 194 қызмет көрсетілсе, 1 өтінішке қызмет көрсетілуден бас тартылды.

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Басқарма тарапымен қатар «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы да көрсетіліп келді. Бірақ қызмет алушылар тек қана Басқарма арқылы өтініш беруде болды. ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 жылғы №144 бұйрығымен өзгеріс енгізілді. Өзгерістерге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау және нәтижелерін беру тек қана «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz портал арқылы жүзеге асырылатын болды. 2020 жылдың 3 тоқсанына дейінгі уақытта 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz арқылы көрсетіледі. 2020 жылдың 3 тоқсанына дейін бұл қызметке өтініш түспеді.

«Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетіледі, алайда күні бүгінге дейін бұл қызметке өтініш түспеді.

«Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін басқармаға бағынысты мекеме Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты-колледжінің кеңсесі арқылы қағаз түрінде көрсетеді. 2020 жылдың 3 тоқсанында 95 қызмет көрсетілді.

«Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін басқармаға бағынысты балалар-жасөспірімдер спорт мектептері кеңселері арқылы қағаз түрінде көрсетеді. 2020 жылдың 3 тоқсанында 858 қызмет көрсетілді

Дата публикации
03 ноября 2020
Дата обновления
03 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
05 августа 2023
Хабарлама
Хабарлама
22 декабря 2021
Екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы МЖС жобасы бойынша жеке серіктесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы