Бұқаралық спорт
2019 жылы облыста 180 819 адамның қатысуымен 3993 іс-шаралар өтті (ауылда 120 340 адам, 3427 іс-шара). 2018 жылмен салыстырғанда өткізілген іс-шаралардың саны 1197-ге, қамтылған адам саны 51629-ға өсіп отыр (ауылда 35519 адамға, 1055 іс-шара).
2020 жылдың 8 айында 50 289 адамның қатысуымен 984 іс-шара өтсе, оның ішінде ауылдық жерлерде 21 581 адамның қатысуымен 726 іс-шара өтті.
2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін төтенше жағдайда және карантиндік режим кезінде облыс бойынша 7198 адамның қатысуымен 307 онлайн және қашықтық іс-шара өтті.
2019 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылданушылардың жалпы саны 204 968 адамды немесе облыс халқының 31,2 % құрады.
2018 жылмен салыстырғанда спортпен тұрақты шұғылданушылар саны 2%-ға өсіп отыр (2018 жылы – 190 639 адам немесе облыс тұрғындарының 29,2%).
2020 жылдың соңына дейін дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылданушылардың санын 32 % жеткізу жоспарлануда.
Спорттық инфрақұрылымды дамыту
2020-2021 жылдары КПО б.в. компаниясының инвестициясы есебінен облысымыздың 7 ауданында 8 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу көзделіп отыр.
2020 жылдың 22 мамыр күні КПО б.в. компаниясының қаражаты есебінен Жаңақала ауданының Жаңақала ауылында 160 көрермендік орынымен дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДШСК) салынып пайдалануға берілді. Сонымен қоса, ү.ж. сәуір айынан бастап 5 ДШСК (Ақжайық ауданы Чапаев ауылы, Бөкей ордасы ауданы Сайхын ауылы, Казталов ауданы Жалпақтал ауылы, Теректі ауданы Подстепный ауылы, Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылы) құрылысы жүргізіліп жатыр және ү.ж. шілде айынан 2 ДШСК (Казталов ауданы, Казталов ауылы және Тасқала ауданы, Тасақала ауылы) құрылыс жұмыстары басталды.
Ү.ж. желтоқсан айында Бөкей ордасы, Казталов (Жалпақтал) және Теректі аудандарында 160 көрермендік орынымен ДШСК пайдалануға берілуі жоспарлануда.
2019 жылдың желтоқсан айында Облыстық спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. 250 оқушыға арналған заманауи кешеннің 150 орындық жатақханасы бар. Балалардың білім алуымен қатар, спортпен тыңғылықты шұғылдануына толық жағдай жасалып отыр.
Жоғары жетістіктер спорты
2019 жылы Жапония еліндегі Номи қаласында өткен спорттық жүрістен Азия чемпионатында облыс спортшысы Шейко Георгий күміс жүлдені иеленіп, қазақстандық спортшылардың ішінен 2021 жылы Жапония елінің астанасы - Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына ең бірінші болып жолдама ұтып алды.