Әділетті мемлекет – адал қызметкерден басталады

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің стратегиялық саясатын іске асыратын,  халықтың мүддесін қорғайтын, жоғары жауапкершілік пен жанқиярлық адал қызметті талап ететін маңызды салалардың бірі.

Осы салада саяси біліктілігімен, кәсіби іскерлігімен, көшбасшылығымен, еңбексүйгіштігімен, белсенді азаматтық үстанымымен ерекшеленіп, қоғамның құрметіне бөленіп жүрген тұлғалар көптеп саналады.

Осындай бетке ұстар мемлекеттік қызметшілердің бірі – дзюдо спорт түрінен спорт шеберлігіне үміткер, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғары жетістіктер спорты бөлімінің бас маманы Тынымбай Мендібике Арманқызы.

Еңбек жолын 2015 жылы Бөрлі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері қызметінен бастап, бұқаралық спортты дамыту, дені сау қоғам қалыптастыру, ұлт өміршеңдігін нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, білікті спорт резервін даярлауға, дені сау, жан-жақты дамыған, рухты, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге белсенді атсалысты.

Жоғары нәтижеге жетуді көздеп, жұмысын ерекше ынта-жігермен, үлкен жауапкершілікпен атқарған қызметкер спорт ұйымының жаттықтырушыларына жұмыста жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуге қолдау көрсетіп, балалармен жұмыстың қарқындылығын, нәтижелілігін арттыруға бағытталған мүмкіндіктерді жүзеге асыруға жағдай жасады, қызметінде зор жетістіктерге қол жеткізді. 

Осы тұрғыда Мендібике Арманқызы жұмыс істеген спорт ұйымының шәкірттері облыс құрама командасының мүшелері ретінде ірі сайыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүргені туралы айту орынды.

Әдіскер ретінде Мендібике Арманқызы ұжым қызметкерлерімен, мектеп тәрбиеленушілерімен, ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізе білді. Қарапайым, қайырымды болмысымен, сабырлы мінезімен әріптестерімен ортақ тіл табысып, білікті маман кәсіби мансабында жоғары деңгейге көтерілді.

2019 жылы М.Тынымбай Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне, 2022 жылы Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына, яғни,  мемлекеттік қызмет саласына ауыстырылады.

Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен белсенді айналысқан, балалар спорт ұйымында шеберлігін шыңдаған, көп тәжірибе жинақтаған маманның мемлекеттік қызметтегі өтілі 5 жылдан асты.

Бүгін облыстық басқарманың жоғары жетістіктер спорты бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс істейтін қызметкер спорт саласын реформалауға қатысты ел саясатын жүзеге асыруға, қазақстандық спорттың халықаралық имиджін қалыптастыруға сүбелі үлесін қосып келеді.

 Ел игілігіне адал қызмет етуге, халықтың мүддесін қорғауға ант берген мемлекеттік қызметші өзінің берген сертіне тұрып, лауазымдық міндеттерімен қатар қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысады, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың ұйытқысы болып келеді.

Жыл сайын волейбол, арқан тарту сынды спорт түрлерінен мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық Спартакиадаға қатысып, облыс әкімдігінің құрама командасы сапында республикалық сайыста өңір намысын қорғайды.

Шығармашылыққа, поэзияға жақын, өлең шығарады, көркем сөз оқу байқауларына қатысады, әдеби қітаптар оқиды, ән-би өнерін жоғары бағалайды.

Кәсібилігімен, еңбекқорлығымен, бәсекеге қабілеттілігімен,  адами қадір-қасиетімен Мендібике Арманқызы әріптестерінің құрметіне бөленіп, келешегі зор боларына сенім ұялатады.

 Мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істейтін Мендібике Арманқызы – осы салада адал қызмет етіп жүрген мыңдаған азаматтардың жарқын үлгісі.

 

Дата публикации
29 мая 2025