Батыс Қазақстан облысында дене шынықтыру және спорттың даму жағдайы туралы ақпарат

Облыстық спорттық инфрақұрылымы

Өңір тұрғындарының дене шынықтыру мен спортқа сұранысын қанағаттандыру мақсатында облыста 1 529 спорттық құрылым жұмыс істейді.

2023 жылы 26 спорт алаңы (Ақжайық ауданы-2, Бәйтерек ауданы-2, Бөрлі ауданы-9, Жаңақала ауданы-1, Жәнібек ауданы-2, Казталов ауданы-3, Сырым ауданы-2, Теректі ауданы-1, Шыңғырлау ауданы-3, Орал қ.-1) және 3 хоккей қорапшасы (Казталов ауданы-2, Сырым ауданы-1) пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысының спорттық инфрақұрылымды нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында 2023 жылы Ақжайық ауданында (Чапаев, Тайпақ) 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДШСК) қолданысқа берілді.

2024 жылы Казталов және Тасқала аудандарында 2 ДШСК-і қолданысқа беріледі және барлық аудандар 100% ДШСК-мен қамтылады.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Орал қаласының 10 ш/а аумағында көпатқарымды спорт кешенінің құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта металл конструкциясын құру жұмыстары жүріп жатыр.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасау мақсатында 2024 жылдың басында елімізге танымал кәсіпкер, меценат Т.Турловтың қолдауымен «Жастар» стадионының жанынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау жоспарлануда. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жобаның құны 820 млн.тг.

КПО б.в. компаниясының әлеуметтік инвестициялық жобалары шеңберінде Бәйтерек ауданы, Дариян ауылына (құны 967 млн.тг.), Теректі ауданы, Ақжайық ауылына (құны 900 млн.тг.) ДШСК және жергілікті бюджет есебінен Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылына (құны 280 млн.тг.) спорт кешенін салу жоспарлануда.

Сонымен қоса, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен 2024-2025 жылдары Бәйтерек ауданының Трекин және Махамбет ауылдарында, Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылында, Теректі ауданының Долинный ауылында жылдам салынатын модульдік спорт залдарын салу жоспарлануда..

Орал қаласындағы П.Атоян атындағы стадионға 2024 жылы КПО б.в. компаниясының әлеуметтік инвестициялық жобалары шеңберінде қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда ЖСҚ жасақталуда, 2024 жылдың ақпан айында аяқтау жоспарлануда. Жобаның құны 279 млн.тг.

Жергілікті бюджет есебінен қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы есу базасын қайта құру жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Қазіргі таңда ЖСҚ жасақталуда.

 

Бұқаралық спорт

Елбасының бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы дені сау ұлт қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іс жүзіне асыру мақсатында 2022 жылы облыста 133 097 адамның қатысуымен 3011 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілсе, оның ішінде ауылдық жерлерде 79 284 адамның қатысуымен 2 437 іс-шара өтті.

2023 жылы 137 651 адамның қатысуымен 3127 спорттық іс-шара өткізілді. Оның ішінде ауылдық жерлерде 84 707 адамның қатысуымен 2455 іс-шара өтті.

2023 жылдың ведомстволық-статистикалық есебі бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылданушылардың жалпы саны 274928 адамды, ол облыс халқының 39,6% құрайды. 2022 жылмен салыстырғанда шұғылданушылар саны 0,6%-ға өсіп отыр (2022 жылы – 270 219 адамды немесе облыс тұрғындарының 39,0%).

 

Жоғары жетістіктер спорты

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағында 27 спорттық ұйым бар. Олар: 22 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, Олимпиада резервінің мамандандырылған облыстық мектеп-интернат-колледжі, Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы, Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі және Жауынгерлік өнер қауымдастығының облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жоғары жетістіктер спортында бастапқы спорттық ұйым болып табылады. Болашақ спорттық резерв осы ұйымнан бастау алады.

Облыстағы 22 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 9-ы қалалық деңгейдегі болса, қалған 13-і - аудандық деңгейдегі спорт мектептері.

Жалпы, осы спорт мектептерінде 14 363 жеткіншектер спортпен айналысады. Оның ішінде, 9025 жеткіншек олимпиадалық спорт түрлерімен (62,9%), 2316 жеткіншектер - ұлттық спорт түрлерімен (16,1%), 3022 жеткіншек - олимпиадалық емес спорт түрлерімен (21,0%) айналысып келеді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қауылысы негізінде спорттық жетістіктерге сәйкес 344 спортшы ай сайын ақшалай жабдықталым төлемдерін алып келеді. Бұл мақсатқа 272,1 млн.тг. бөлінуде. Бүгінгі күні жалақы алатын 344 спортшыдан: ересектер - 168, жастар - 93, жасөспірімдер - 83.

2024 жылы 7 кәсіби спорт клубын қаржыландыру жоспарлануда. Олар: «Ақжайық» футбол командасы, «Ақжайық» допты хоккей командасы, «Жайық» волейбол командасы, «Грация» әйелдер командасы, «Бәйтерек» футзал командасы, шайбалы хоккей командасы және бокс командасы. Бұл мақсатқа 2,2 млрд. теңге бөлу қарастырылуда.

Балаларды тегін спортпен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында 12,0 мыңға жуық бала тегін спортпен шұғылдануда. Жаңадан 400-ге жуық спорттық секциялар ашылды. Бұл бағдарламаға биыл 2,4 млрд. теңге қарастырылған.

2023 жылы ресми республикалық және халықаралық жарыстарда (Әлем, Азия, ҚР чемпионаттары) облыс спортшылары 1554 медаль (541 алтын, 443 күміс, 570 қола) ұтып алды. Медаль саны 2022 жылмен салыстырғанда 382 медальға (117 алтын, 92 күміс, 173 қола) өсіп отыр.

2023 жылы байдарка мен каноэ есуден Бровкова Мария юниорлар арасында Әлем чемпионы атанды.

Дзюдодан жасөспірімдер арасында Исатаев Нұрлан әлем чемпионы атағын иеленді.

Қытай елінің Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындары өтті. Облысымыздан осы жарысқа 8 спортшы қатысты.

Нәтижесінде байдарка мен каноэ есуден Бровкова Мария 200 метр қашықтықта жеке есуде қола жүлдеге ие болса, 500 метр қашықтықта жұптық есуде күміс жүлдеге ие болды.

Су добынан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапында жерлесіміз Артюх Данил қола жүлдеге ие болды.

Осы Қытай елінің Ханчжоу қаласында өткен ІV жазғы Пара Азия ойындарына облысымыздан 3 спортшы қатысып, Сәлімгереева Марьям пара таеквондодан, Әжіғалиев Талғат пара дзюдодан қола жүлделерге ие болды.

Дата публикации
04 марта 2024