МЖӘ жобасы бойынша жекеше әріптесті таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама

2022 жылғы 27 тамызда Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, 090000, Қазақстан Республикасы, «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ төмендегі жоба бойынша жеке әріптесті айқындау бойынша конкурс жариялайды:

Жоба атауы: «Теннистен облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК мүліктік кешен ретінде сенімгерлік басқаруға беру».

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Заңының 32-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және жеке әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға сай келетін барлық әлеуетті жеке әріптестер жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылатын қажетті құжаттар тізімдемесі және әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған кезден бастап, сағат 9.00-дан 13.00-ге және 14.30-ден 18.30-ге дейін Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 201, 4-қабат, №406 кабинет, «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ алуға болады.

Жеке әріптестер конкурсқа қатысуға арналған конвертке салынған біліктілікті талаптарына сай өтінімін Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 201, 4-қабат, №406 кабинет «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мекен-жайына қолма-қол немесе тіркелген почта арқылы тапсырады.

Біліктілік талаптарына сай жеке әріптестің әлеуеті сай екендігін растайтын құжаттарды ұсынудың ақырғы мерзімі 2022 жылдың 27 қыркүйегі жергілікті уақыт бойынша 11.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі 2022 жылдың 27 қыркүйегі  жергілікті уақыт бойынша 11.00-ге дейін.

Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 201 үй, 4-қабат, 406-кабинет,  мекен-жайы бойынша 2022 жылдың 27 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша 15.00-де жүзеге асырылады.

Анықтамалық ақпаратты «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 8 (7112) 8 7112 514027, 512617 телефоны бойынша алуға болады

Дата публикации
26 августа 2022