Жоспарланып отырған МЖӘ аясында туралы мүдде білдіру туралы хабарлама

Кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында, сондай ақ Қазақстан Рспубликасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 12 тармағына сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-сі «Мүліктік кешен ретінде "Теннистен олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі" МКҚК сенімгерлік басқаруға беру» МЖӘ-нің жоспарланып отырған жобасы туралы мүдде білдіру туралы хабарлайды.

Жобалық негізгі параметрлері:

Жобаның іске асыру орны: Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Астана ш. а. 17.

Жобаның міндеті мен мақсаты: Жобаның мақсаты ағымдағы жөндеу арқылы оқу-жаттығу процесін және спорт жарыстарын ұйымдастыру бойынша сапалы жағдайлар ұсыну болып табылады.

Жоба аясында келесі міндеттер шешілетін болады:

1) ведомствоаралық тәсіл негізінде спорттың өзекті бағыттарын дамыту жүйесін қалыптастыру;

2) жасына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, азаматтарды елдің спорттық өміріне белсенді тарту;

3) республикалық деңгейде облыстық спорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

4) халықтың қалың жігі арасында спортты және спорттық өмір салтын танымал ету мақсатында ақпараттық жұмыс спектрін кеңейту;

5) оқу-жаттығу процесін және спорттық жарыстарды ұйымдастыру;

6) қолжетімді спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері нарығын кеңейту;

7) балаларды спорт секцияларымен қамтамасыз ету.

Мемлекеттік әріптес:

- дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың өсуіне ықпал ету;

- өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту;

Жеке әріптесті айқындаудағы болжалды тәсілі:

Жеке әріптесті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестігі» туралы Заңның 31-бабына сәйкес конкурс тәсілімен айқындайды.

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 10 жыл (2022-2032 ж.).

Жеке әріптес:

- мүліктік кешенге ағымдағы жөндеу жүргізеді;

-оқу-жаттығу процестерін және спорттық жарыстарды өткізеді;;

- МЖӘ объектісін пайдалану бойынша қажетті жұмыстарды жүргізеді.

- халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді;

Соңғы ұсыныстар беру мерзімі 20.04.2022 дейін.

Анықтамалар үшін: «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-сі, мекенжайы: Орал қаласы, Досмухамедова көшесі, 45, каб 213, тел: +7 (7112) 50-43-45, электрондық пошта: u.sport@mail.ru, басқарма басшысының орынбасары Нығметуллин Жеңіс Махамбетұлы.

Дата публикации
14 апреля 2022