Бос лауазымға орналасуға арналған конкурс

 

               «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

             «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бөкейордасы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме директоры.

             Орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 22 үй, пошталық мекенжайы: 090200, телефон 8(71140)21858.

          Конкурс Мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату ережелері (ҚР Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №171 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 264 бірлескен бұйрығымен бекітілген) негізінде өткізіледі.

             Негізгі қызметі: Балалар, жасөспірімдер және жастар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты физикалық дамуына бағытталған дене шынықтыру, сауықтыру және ағарту жұмыстарын жүргізу.

Дене шынықтыру және спорт ұйымының басшысы лауазымына үміткерге қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» №191 бұйрығымен бекітілген.

Біліктілік талаптары:

кадрларды даярлау салаларының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар.

          Дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл, немесе Президенттік жастар кадр резервіне тіркелген адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе Жұмыс органы бекіткендерге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл, сондай-ақ кадрларды даярлау салаларының бірі бойынша академиялық дәрежесі бар адамдар үшін: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар.

Білуі керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК), "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Білім туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдары, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы

(бұдан әрі – Үкіметтің № 1193 қаулысы), педагогика, психология және физиология негіздері, дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді,  еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын.

 

Лауазымдық міндеттер:

Дене шынықтыру-спорт ұйымының өндірістік, әкімшілік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған шешімдердің орындалуын, дене шынықтыру-спорт ұйымының балансындағы мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелерін қамтамасыз етеді;

          Дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды жүзеге асыру тетігін айқындайды;

      Оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;

          Педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;

          Дене шынықтыру-спорт ұйымының жұмыс жоспарын, спортты жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламаларын бекітеді;

          Барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды;

      Жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар, нұсқаушылар және әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;

          Дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің жекелеген бағыттарын басқаруды лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктейді;

          Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан босату туралы шешімдер қабылдайды, штаттық кестені, дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

          Спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды;

          Тиісті саланың уәкілетті органдарына дене шынықтыру-спорт ұйымының әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады;

          дене шынықтыру-спорт ұйымының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді;

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады;

          Спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

 

             Конкурсқа қатысуға өтініш берген тұлғалардың құжаттары «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің веб-сайтында байқау туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады.

 

             Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) байқауға қатысуға өтінім;

2) кез келген нысанда дайындалған қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы диплом;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірі.

             Барлық құжаттарды келесі электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз: u.sport@bko.gov.kz

             Әңгімелесуге жіберілген адамдар Басқарманың сайтында әңгімелесу кестесі жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, Орал қаласы, Н.Назарбаев данғылы, 201 мекенжайы бойынша өтеді.

             Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірі: 8(7112)511740

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 мая 2026