Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі

Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары!

 

Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі қала орталығындағы Әйтиев көшесі, 72А мекенжайында орналасқан.

«Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2010 жылы 1 маусымда Мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебінің атауын өзгерту арқылы құрылды.

Мектеп директоры – Шайхиев Асхат Асқарұлы.

Директордың оқу-спорт ісі жөніндегі орынбасары – Құрмашев Қазболат Сағынғалиұлы.

Мектептің негізгі мақсаты – жоғары білікті, соның ішінде халықаралық деңгейдегі спортшыларды, Қазақстан Республикасының спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларына үміткерлерді іріктеу және дайындау.

Мектептің қызметі спортшыларды әртүрлі нысандағы жоғары сапалы оқу-жаттығу процесі жағдайында мамандандырылған дайындауға бағытталған.

ОЖСШМ резервке оқушыларды іріктеу бағытында БЖСМ және МОРБЖМ-мен белсенді жұмыс жасайды.

Мектепте 14 спорт түрі дамытылады: академиялық есу, байдарка мен каноэда есу, бокс, көгалдағы хоккей, велосипед спорты, самбо, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, пауэрлифтинг, садақ ату, әйелдер күресі, шорт-трек, тоғызқұмалақ.

Тұрақты құрамда - 92, ауыспалы құрамда - 141 спортшы шұғылданады. Спортшылардың жасы – 18 жастан жоғары.

Шұғылданушылар ішінен: 1 спортшы – ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 23-і – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 48-і – ҚР спорт шебері және 20 спортшы – ҚР спорт шеберіне үміткер болып табылады.

Оқу-жаттығу процесін 18 жаттықтырушы жүргізеді. Әр спорт түрі бойынша жаттығулар өтетін орындардың мекенжайы мен жаттықтырушылардың ұялы телефон нөмірлері көрсетілген.

Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі Әйтиев көшесі, 72А мекенжайында орналасқан спорт залын спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен жаттығуларды өткізуге ұсыну бойынша ақылы қызмет көрсетеді.

Спорт залын киім шешу бөлмесімен қоса ұсыну бағасы: 1 сағатқа – 7600 теңге.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы