Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

 

Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғылы, № 242 Н мекен-жайында орналасқан.

Спорт мектебі 1969 жылы  құрылған.

Мектеп директоры – Айсағалиев Есенгелді Қабдоллаұлы

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – Утегенова Гүлшат Ерсайынқызы.

Мектеп қызметінің бағыты – Батыс Қазақстан облысында спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен түрлі деңгейдегі жарыстар өткізу болып табылады.

Бүгінгі күнде мектепте спорттың 7 түрі шұғылдандырылады: қыздар волейболы, баскетбол, қол добы, Президенттік көпсайыс, садақ ату, велоспорт және триатлон.

  • Волейбол бөліміне 9-11 жастағы қыздар қабылданады;

Оқу-жаттығу сабақтары «Энергия» ФК (Свободная 35/1) және «Нарын» с/з (Р. Егізбаев 45) өтеді

  • Баскетбол бөліміне 9-11 жастағы ұлдар мен қыздар қабылданады;

Оқу-жаттығу сабақтары «БҚИТУ» с/з (8 марта 28/1) және №1 ЖОББМ с/з (М. Жунисова 12), №6 ЖОББМ с/з (Карева 24), №26 ЖОББМ с/з (Есламгалиұлы 15), №36 ЖОББМ с/з (Евразия даңғ.87) өтеді.

  • Қол добы бөліміне 7-9 жастағы ұлдар қабылданады;

Оқу-жаттығу сабақтары «Атлант» с/з (Лесозащитная 1/1), №2 ЖОББМ с/з (Шыңғырлау көш. 7), №22 ЖОББМ с/з (Гагарин көш. 22) өтеді.

  • Президенттік көпсайыс бөліміне 10-12 жастағы ұлдар мен қыздар қабылданады;

Оқу-жаттығу сабақтары Шаңғы базасында (Жунусов 10), №1 ЖОББМ с/з (М. Жунисов 12), №35 ЖОББМ с/з (Жуков 17) және Январцево ауылының ЖОББМ-де өтеді.

  • Садақ ату бөліміне 11-13 жастағы ұлдар мен қыздар қабылданады;

Оқу-жаттығу сабақтары ОМОРБЖСМ с/з (Н.Назарбаев даңғ. 242 Н), №9 ЖОББМ с/з /Строитель ықш.ауд. 7), Лукодромда (Шолохова) өтеді.

  • Велоспорт бөліміне 10-12 жастағы ұлдар мен қыздар қабылданады;

Оқу-жаттығу сабақтары ОМОРБЖМ с/з (Н.Назарбаев даңғ. 242 Н), Ақжайық ауданы, Чапай ауылының ЖОББМ өтеді.

  • Триатлон бөліміне 10-12 жастағы ұлдар қабылданады;

Оқу-жаттығу сабақтары ОМОРБЖМ с/з (Н.Назарбаев даңғ. 242 Н) өтеді.

 

Оқушылармен оқу үрдісін 29 жаттықтырушы-оқытушы қамтамасыз етеді. Спорт бөлімдерінің әр жаттықтырушысының ұялы байланыс нөмірлері көрсетілген.

Мектепте шұғылдандырылатын спорттың барлық түрі тегін.

 

Осы спорт түрлеріне қызығушылық танытушыларға мектебіміздің есігі әрқашан ашық.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы