
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиада резервтерін даярлау орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Facebook – Olympic center News ZKO Instagram – cpor_zko
Телефон 8 (7112) 54 20 72 ул. Курмангазы 179/5
Олимпиада резервтерін даярлау орталығы 2001 жылдың 27 желтоқсан күні құрылды.
Орталықтың мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына спортшыларды дайындау.
Олимпиада резервтерін даярлау орталығына Қазақстан Республикасының чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары тіркеледі.
Осы кезге дейін 16 Олимпиада ойындарының қатысушылары дайындалды.
Шорт-трек – Ажгалиев Абзал Абаевич (Сочи-2014, Корея-2018), Жұмағазиев Нұрберген Батыргалиұлы (Сочи-2014, Корея-2018), Бекжанов Айдар Булатович (Ванкувер – 2010).
Әйелдер күресі - Ларионова Екатерина Алексеевна (Рио-Де-Жанейро-2016), Манюрова Гюзель Тагировна (Афина-2004, Лондон-2012, Рио-Де-Жанейро-2016), Жанибекова Ольга Советбаевна (Пекин-2008)
Бокс - Елеусинов Данияр Маратович (Рио-Де-Жанейро-2016).
Жеңіл атлетика (спорттық жүріс) – Шейко Георгий Николаевич (Лондон-2012, Рио-Де-Жанейро-2016), Репина Полина Викторовна (Рио-Де-Жанейро-2016), Аничкин Виталий Владимирович (Лондон-2012), Куватов Рустам Баротович (Афина-2004, Пекин-2008).
Садақ ату - Баннова Анастасия Александровна (Пекин-2008, Лондон-2012), Пилипова Ольга Михайловна (Афина-2004).
Шаңғы спорты - Антонова Елена Вячеславовна (Солт-Лейк-Сити-2002, Турин-2006, Ванкувер-2010).
Грек - рим күресі - Гаджиев Даниял Магомедович (Лондон-2012).
Еркін күрес - Шапиев Абдулхаким Алибекович (Лондон-2012).
Директор Капсатова Бибинур Бердыгалиевна
Негізгі қызмет бойынша
директордың орынбасары Нұғман Сағадат Саматұлы
Орталық құрамында 152 спортшы тіркелген.
Соның ішінде: 12 спортшы – ҚР ХДСШ,
44 спортшы – ҚР СШ,
96 спортшы – ҚР СШҮ.
Орталықта 14 спорт түрі бекітілген:
1.Академиялық есу – оқу-жаттығу процесін жоғарғы санаттағы жаттықтырушы Лапшин Эдуард Вячеславович өткізеді.
Жаттығу өткізілу орны: «Динамо» спорт базасы, Жәнгір хан көш. 0А
2.Бокс – оқу - жаттығу процесін бірінші санаттағы жаттықтырушы Конарбаев Нурсултан Куралович өткізеді.
Жаттығу өткізілу орын: Оқушылар сарайы, 5-ші шағ.ауд 18.
3.Грек – рим күресі - оқу - жаттығу процесін жоғарғы санаттағы жаттықтырушы Умбеткалиев Артур Койшыгулович өткізеді.
Жаттығу өткізілу орны: СДБАМОМИ, Даля көш.7/3
Куратаев Данияр Магауияевич жастар арасында бірінші санатты жаттықтырушы
Жаттығу өткізілу орны: Жастар шығармашылық орталығы, Карбышева көш. 60
4.Әйелдер күресі – оқу - жаттығу процесін жоғары санаттағы жаттықтырушы Нарегеев Мусабек Хамидоллиевич өткізеді
Жаттығу өткізілу орны: СДБАМОМИ, Даля көш.7/3
5.Дзюдо – оқу - жаттығу процесін жоғары санаттағы жаттықтырушы Капсатов Азамат Тлекович өткізеді.
Урынгалиева Алмагуль Салимгерейевна бірінші санатты жаттықтырушы.
Жаттығу өткізілу орны: жекпе – жек спорт залы, Құрманғазы көш.156/2
6.Шорт-трек – оқу - жаттығу процесін Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Лозовой Максим Владимирович өткізеді.
Жаттығу өткізілу орны: Мұз спорт сарайы, Евразия данғылы 236
7.Садақ ату – оқу - жаттығу процесін жоғарғы санаттағы жаттықтырушы Солодовников Константин Георгивич өткізеді.
Жаттығу өткізілу орны: Садақ ату алаңы, Шолохова көш.
8.Таеквондо – оқу - жаттығу процесін жоғарғы санаттағы жаттықтырушы Ордабаев Арслан Муратович өткізеді.
Жаттығу өткізілу орны: СДБАМОМИ, Даля көш. 7/3
9.Каратэ – оқу - жаттығу процесін жоғарғы санаттағы жаттықтырушы Мергалиев Ринат Серикович өткізеді.
Жаттығу өткізілу орны: «Триумф» спорт залы, Алмазова көш. 36
10.Үстел теннисі - оқу - жаттығу процесін жоғарғы санаттағы жаттықтырушы Назарова Сарвар Ризоевна өткізеді.
Жаттығу өткізілу орны: «Үстел теннисі» спорт залы, Ғұмар Қараш көш. 16
11.Байдарка және каноэ есу – оқу - жаттығу процесін жоғарғы санаттағы жаттықтырушы Бровкова Елена Евгеньевна өткізеді.
Жаттығу өткізілу орны: «Динамо» спорттық базасы, Жәнгір хан көш. 0А,
СДБАМОМИ, Даля көш.7/3
12.Жүзу - оқу - жаттығу процесін жоғарғы санаттағы жаттықтырушы Молдашев Ерлан Ермекович өткізеді.
Жаттығу өткізілу орны: «Жайык Самалы» Бассейні, Женіс шағ.ауд 5
13.Ауыр атлетика - оқу - жаттығу процесін жоғарғы санаттағы жаттықтырушы Байториев Даурен Бекетович өткізеді.
Жаттығу өткізілу орны: «Атоян» стадионы, Садовая көш. 44
14.Жеңіл атлетика
Орталықтың үздік спортшылары:
Шейко Георгий – жеңіл атлетикадан ҚР ХДСШ, 2019 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері 2021 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасының иегері
Нагай Анита – шорт-тректен ҚР ХДСШ, 2016 жылғы шорт тректен жасөспірімдер арасындағы Лиллехаммер (Норвегия) қаласындағы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2017 жылғы VIII-ші Азия ойындарының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы.
Қажғали Нұртілек – шорт – тректен ҚР ХДСШ, 2019 жылғы ХХІХ-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиадасының қола жүлдегері.
Джуламанова Камиля – каратэден ҚР СШ, 2019 жылғы кадеттер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Тимралиев Дархан – каратэден ҚР СШ, 2019 жылғы кадеттер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Ажгалиева Алина – шорт – тректен ҚР СШ, 2019 жылғы І-ші Қысқы халықаралық «Азия балалар ойындарының» күміс жүлдегері.
Ғайнулин Ансарбек – дзюдодан ҚР СШ, 2019 жылғы Европа Кубогінің қола жүлдегері.
Баянова Зейнеп – әйелдер күресінен ҚР СШҮ, 2019 жылғы кадеттер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Такиева Карина - дзюдодан ҚР СШҮ, 2019 жылғы кадеттер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері.
Куатов Тамир – таеквондодан ҚР СШ, 2019 жылғы кадеттер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Умуталиев Токтар – дзюдодан ҚР СШ, 2019 жылғы Қазақстан Республикасының жазғы V-ші Спартакиадасының жеңімпазы.
Ильясова Алина – садақ атудан ҚР ХДСШ, 2019 жылғы Қазақстан Республикасының жазғы V-ші Спартакиадасының жеңімпазы
Мустафин Алихан – садақ атудан ҚР ХДСШ, 2019 жылғы Қазақстан Республикасының жазғы V-ші Спартакиадасының күміс жүлдегері, 2020 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы.
Ибраев Есей – шорт-тректен ҚР СШҮ, 2019 жылғы І-ші Қысқы халықаралық «Азия балалар ойындарының» жеңімпазы.
Донскова Наталья - байдарка және каноэ есуден ҚР СШ, 2019 жылғы Қазақстан Республикасының жазғы V-ші Спартакиадасының жеңімпазы.

