Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қаламыздың әсем ғимараты – Мұз спорт сарайында, Еуразия даңғылы, 236 - мекенжайында орналасқан.

Спорт мектебі 2001 жылдан бастап жұмыс жасайды.

Мектеп директоры - Алтынбекұлы Тұрарбек.

Директордың оқу-спорт ісі жөніндегі орынбасары - Копылова Татьяна Васильевна.

Мектеп бағыты - Батыс Қазақстан облысында қысқы спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ спорттық - бұқаралық іс-шаралар мен түрлі деңгейдегі жарыстар өткізу болып табылады.

Бүгінгі күні мектепте қысқы спорт түрлері бойынша 5 бөлімше жұмыс істейді:

  • Шорт-трек бөліміне 7-10 жас аралығындағы балалар қабылданады;
  • Мәнерлеп сырғанау бөліміне 4-7 жас аралығындағы балалар қабылданады;
  • Шайбалы хоккей бөліміне 5-9 жас аралығындағы балалар қабылданады; (Өтетін орны: Мұз спорт сарайы, Еуразия даңғылы, 236)
  • Допты хоккей бөліміне 7-10 жас аралығындағы балалар қабылданады;

(Өтетін орны: «Жастар» стадионы, Т.Масин көшесі,  65/1; «Стеновик» стадионы, Әзірбайжан көшесі, 48/2;  Строитель ш/а 43, Хоккей алаңы № 9 ЖОББМ спорт алаңы)

  • Шаңғымен жарысу бөліміне 7-10 жас аралығындағы балалар қабылданады; ( Шаңғы базасы, М.Жүнісов көшесі,10; № 23 ЖОББМ)

Оқушылармен оқу үрдісін 21 жаттықтырушы қамтамасыз етеді. Әрбір спорт түрлері бойынша жаттықтырушылардың ұялы байланыс нөмірлері көрсетілген.

Мұз спорт сарайында осындай ақылы қызметтер көрсетіледі, оның 1 сағатқа арналған бағалары төмендегідей:

-  Тренажер залында жаттығу:  ересектер үшін - 400 тг. балалар үшін – 200 тг.

-  Шағын футбол алаңы – 3000 тг.

-  Бөгде ұйымдар үшін мұз аренасын пайдалану бағасы – 40000 тг.

-  «БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ үшін және оған бағынысты мекемелер үшін спорттық шаралар мен оқу-жаттығу үрдісін өткізуге мұз аренасын пайдалану – 30000 тг.

 

Осы спорт түрлеріне қызығушылық танытушыларға есігіміз әрқашан ашық!

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы