Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ олардың Порталда тіркелу кезінде ұсынатын мәліметтерінің дұрыстығы үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасы әзірленді.
Аталған жобада мүгедектігі бар адамдарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерді тіркеу қағидаларына, сондай-ақ Әлеуметтік қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
Ұсынылып отырған өзгерістер Әлеуметтік қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссияның қызметіне қатысты болғандықтан, комиссия мүшелеріне жаңа нормаларды қолдану мәселелері бойынша түсіндіру мақсатында жиын өткізді.
Жиынға Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, комиссия төрағасы Ж.К.Абдолов, Комиссия мүшелері және Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің маманы А.М.Косыбаева қатысты.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.
Облыс тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі инватакси қызметтерін көрсету бағыттарына, мүгедектігі бар адамдар сатып алатын тауарлардың сапасы бойынша "Әлеумет" әлеуметтік қызметтер порталына, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге, сондай-ақ өндірістік жарақаттану мәселелеріне қатысты болды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, оларды шешу бағытында жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитация және оңалту орталығы, «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ, «WORLD GREEN COMPANY» ЖШС жылыжай кешені, «Стекло-Сервис» ЖШС және «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС жұмыс барысымен танысты.
2026 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келеді.
Сапар аясында бірінші вице-министр өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, сондай-ақ бірқатар маңызды нысандарды аралайды.
Кездесу барысында әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, өңір тұрғындарының ұсыныстары мен проблемалық сұрақтары қарастырылатын болады.
Бірінші вице-министрдің атына жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады:
• ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсы – www.gov.kz;
• Egov.kz электрондық үкімет порталы;
• «E-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы – suraktar.kz.
Сонымен қатар төмендегі телефон нөмірлері арқылы да хабарласуға болады: 8 (7172 74 37 23, 74 36 79).
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін «Еңбек жолы-2026» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.
Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында, Еңбек адамының беделін жоғарылату, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау мақсатында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Еңбек күні» бекітіліп, еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» республикалық конкурсы белгіленді.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында Министрлікпен өткен жылдан бастап еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы» республикалық конкурсы белгіленді.
«Еңбек күнін мерекелеуге арналған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» Республикалық Форумы аясында аудандық (қалалық) және облыстық деңгейде «Еңбек жолы» конкурсы өткізілетін болады.
«Еңбек жолы» конкурсын (әрі қарай- Конкурс) өткізу мақсаттары:
1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;
3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;
5) «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.
Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік (облыстық, қалалық және аудандық) комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:
1) «Үздік еңбек әулеті»
Бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.
Еңбек әулеті– бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;
2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»
Бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
3) «Өндірістің үздік жас маманы»
Бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.
Конкурсқа қатысушылар екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынады:
1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке куәліктің көшірмесін;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және
т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);
6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.
Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері
біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
Конкурс 2 кезеңнен тұрады:
1- кезең жергілікті деңгейде өткізіледі:
1) қалалық және аудандық деңгейдегі үздік әулеттер мен жұмысшылар анықталады;
2) облыс жеңімпаздары қалалық және аудандық деңгейдегі үздік әулет пен жұмысшылар арасынан анықталады.
2-кезең республикалық деңгейде облыстар жеңімпаздары арасында өткізіледі:
1) облыс жеңімпаздарының видеороликтары мен презентациялары ұсынылады;
2) сәйкес облыс жеңімпаздарына ұсынылған материалдар зерттеледі.
Марапаттау рәсімі ағымдағы жылы Астана қаласында республикалық форум өткізілетін күні өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2026 жылдың 22 мамырдан, 25 маусымына дейін.
Конкурс туралы толық ақпаратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz сайтынан немесе Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social?lang=kk. сайтынан, мына мекен- жайы бойынша: Орал қаласы, Сарайшық көшесі 44/2, 210 каб., байланыс телефоны 8(7112) 50-57-84 және bqo_jumyspen_qamtu инстаграм, https://www.facebook.com/bqo.jumyspen.qamtu фейсбук әлеуметтік желілері арқылы алуға болады.
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдің барлық кәсіпорындарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ-2026»
(бұдан әрі-Конкурс) республикалық конкурсына қатысуға шақырады.
Конкурс мемлекетіміздің тұңғыш Президентінің бастамасы бойынша
2008 жылдан бері өткізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелері» бекітілді.
Конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;
2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
Мемлекеттің акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі
50 проценттен асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Бұл конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады.
Конкурсқа катысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Конкурс екі кезеңде өтеді: өңірлік және республикалық деңгейде. Үміткерлердің өтінімдері жергілікті атқарушы орган қағаз және электронды жеткізгіштерде қабылдайды. Өтінімдерді қарастыру облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының қорытындысы бойынша құжаттар республикалық комиссиясына жолданылады.
Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
3) «Үздік ұжымдық шарт».
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін».
Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
5) «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы.
Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.
Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін. Үміткерлерге конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады. Байқауға қатысушылардың құжаттары https://hr.enbek.kz сайты арқылы қабылданады. Аталған іс – шараның маңыздылығын ескере отырып, Орал қаласы және аудан кәсіпкерлерін «Парыз – 2026» байқауына белсенді қатысуға шақырамыз.
Байқауға қатысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:
1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;
Үміткердің есебінде:
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
4) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.
Конкурс туралы толық ақпаратты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social?lang=kk сайтынан және bqo_jumyspen_qamty инстаграм, https://www.facebook.com/bqo.jumyspen.qamty фейсбук әлеуметтік желілері арқылы білуге болады.
Басқарма мекенжайы: Орал қаласы, Сарайшық көшесі 44/2, 209-бөлме. Байланыс телефоны: 8(7112) 51-28-66. Электронды мекенжайы: ai.diyasheva@bko.gov.kz.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.
Негізгі мақсат – адамның нақты қажеттіліктеріне бағдарлана отырып, оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру.
Осы жылдың сәуір айында бұйрыққа өзгерістер енгізіліп, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық оңалту құралдарының (ТОҚ) құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген соманы айқындау әдістемесі қайта қаралды.
Бұған дейін кепілдендірілген соманы айқындау комиссия тарапынан өткен қаржы жылы бойынша үш дереккөз негізінде жүргізілетін: әлеуметтік қызметтер порталының деректері, мемлекеттік сатып алу мәліметтері және әлеуетті жеткізушілердің коммерциялық ұсыныстары.
Жаңа әдістемеге сәйкес кепілдендірілген сома әлеуметтік қызметтер порталы мен электрондық дүкен деректері негізінде есептелетін болады.
Осыған байланысты әлеуметтік қызметтер порталы Қаржы министрлігінің цифрлық жүйелерімен біріктіріліп, электрондық сауда алаңдарынан тауарлардың нарықтық құны бойынша жинақталған деректерді алу жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы уақытта кепілдендірілген соманы қолмен араласусыз, цифрлық платформалардан алынған нақты нарықтық деректер негізінде автоматты түрде қалыптастыру жоспарлануда. Бұл ашықтықты, объективтілікті және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді.
Күтілетін негізгі нәтижелер:
* ТОҚ құнын қалыптастыру процесін толық цифрландыруды енгізу;
* адами фактор мен субъективтілікті болдырмау;
* әділ баға белгілеуді қамтамасыз ету;
* бюджет қаражатын ұтымды пайдалану.
Сонымен қатар мемлекет негізсіз шығындарды қысқартып, мұқтаж азаматтарды сапалы техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Босатылған қаражат жүйені дамытуға, соның ішінде заманауи, технологиялық және қымбат оңалту құралдарын енгізуге бағытталатын болады. Бұл қалпына келу тиімділігі мен жылдамдығын арттырады.
Қосымша ақпарат ретінде, жаңа тәсілдер әлеуметтік қорғау саласын дамыту жөніндегі Ұлттық ғылыми орталық арқылы іске асырылуда. Бұл – халықты әлеуметтік қорғау саласында заманауи шешімдерді әзірлеп, енгізетін мамандандырылған алаң.
Сондай-ақ ғылыми орталық арқылы ағымдағы жылы техникалық оңалту құралдарын қайтарымды пайдалану пилоттық механизмі іске қосылады.
Бұл механизм тек қауіпсіз түрде қайта пайдалануға болатын ТОҚ түрлеріне қолданылады және жеке пайдаланылатын құралдарға (мысалы, жаялықтар, протездер және т.б.) қатысы жоқ.
Аталған тетік, мысалы, жөндеу кезеңінде немесе уақытша қажеттілік кезінде (жеткізілімді күту барысында) адамды ұзақ рәсімдерді күттірмей, жедел қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар әлеуметтік-техникалық сараптама қызметі енгізілуде. Ол шешімдерді формальды мерзімдерге емес, техникалық жағдай мен адамның нақты қажеттіліктеріне сүйене отырып қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл шешімдердің негізділігін арттырып, алушының мүддесін қорғайды.
Осылайша, ТОҚ-ты қайтару тетігін енгізудің күтілетін әсерлері:
1. ТОҚ қолжетімділігін арттыру, күту мерзімін қысқарту;
2. бюджет қаражатын тиімді пайдалану;
3. ресурстарды ұтымды қолдану;
4. ТОҚ пайдалану мерзімін ұзарту;
5. техникалық жағдай мен тиімділікті мониторингтеу жүйесін қалыптастыру;
6. ТОҚ қамтамасыз ету жүйесінің ашықтығы мен басқарылуын арттыру.
Өзгерістердің негізгі мәні – қолжетімділікті арттыру, оңалтудың сапасын көтеру, жүйенің ұтымдылығы мен әлеуметтік қорғаудың әділдігін қамтамасыз ету.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен облыстық деңгейдегі ауқымды спорттық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арасындағы достықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлер мен қызмет алушылардың спортқа қызығушылығын арттыру және ұлттық спорт түрлерін дамыту.
Шараға басқарма басшысы Б.Т. Абуов, басқарма басшысының орынбасары Ж.К. Абдолов, бөлім басшысы З.М. Мусина, сондай-ақ орталық директорлары мен командалары қатысты.
Қатысушылар қол күресі, ләңгі тебу, арқан тарту және қазақ күресі бойынша бақ сынасты. Сонымен қатар, «БҚО АӘҚКО Барысы» командалық жарысы мен «ТҮЙЕ ПАЛУАН» жекелей белдесулері ерекше тартысты өтті.
Бұл күн – тек жарыс емес, бірлік пен достықтың, жігер мен күштің нағыз мерекесіне айналды.
Нәтижелер:
Ұлттық спорт түрлері бойынша:
1 орын – Казталов АӘҚКО
2 орын – Ақжайық мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы
3 орын – Жалпақтал АӘҚКО
«АӘҚКО Барысы» бойынша:
1 орын – Жалпақтал АӘҚКО
2 орын – Орал АӘҚКО
3 орын – Ақжайық мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы
«ТҮЙЕ ПАЛУАН» атағын Орал АӘҚКО қызметкері Е. Малдыбаев иеленді.
Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында алқа отырысы және арт-терапия бағытында семинар-кеңес өткізілді.
Шараға БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б. Абуов, орынбасарлары Ж. Абдолов пен А. Абенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А. Муканова мен бөлім басшысы Б. Абилов және басқарманың жауапты қызметкерлері, 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен психолог мамандары қатысты.
Шара барысында мамандар орталықтың тыныс-тіршілігімен, күнделікті атқаратын жұмысымен, материалдық-техникалық базасымен танысып, арт-терапия бағытында практикалық тәжірибе алмасты.
Ағымдағы жылдың 7, 9, 14 сәуірінде Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары Тасқала, Бәйтерек, Ақжайық, Теректі, Шыңғырлау және Бөрлі аудандарының әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек көрсету, «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі отбасыларды «дағдарыс» және «мүшкіл» санаттарынан неғұрлым қолайлы санаттарға ауыстыру, әкімнің цифрлық жұмыс орны, отбасын қолдау орталықтарының жұмыстары және жұмыспен қамту мәселелері жөнінде аймақтық семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске аталған аудандардың әкім орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары мен мамандары, мансап орталықтарының мамандары, отбасын қолдау орталығының директорлары мен мамандары қатысты.
Іс-шара барысында әлеуметтік саладағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, нақты ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж. Абдолов пен бөлім басшысы З. Мусина Ақжайық, Жалпақтал, Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына барды.
Мамандар қызмет бағыты ауысып, 51 жаңа қызмет алушыларды қабылдаған Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында кездесу өткізді.
Сонымен қатар, мамандар көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында атқарылып жатқан дайындық шараларымен танысып, нысандардың материалдық-техникалық базасына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстарға ерекше назар аударды. Орталықтардың қызметкерлерімен кездесіп, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстарды нақтылап, тиісті тапсырмалар берді.